Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам 4 жасар баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Оралда полицейлер бірнеше рет сотталған ер адамды ұстады. Ол 4 жастағы баланы ұрлап кетпек болған.

Қалалық ІІД мәліметінше, ер адам көшеде анасымен қыдырып жүрген 4 жастағы баланы ұрламақ болады. Ол бүлдіршінді көтеріп алып қаша жөнеледі. Ата-анасы мен өзге куәгерлер шу көтереді. Жанжалды естіген ер адам баланы тастай салып қашып кетеді. Ол ойлаған ісін аяғына дейін жеткізе алмады. Кейіннен полицейлердің қолына түсті, деп хабарлайды BNews.kz. 

Ұсталған күдікті мас күйінде болған. Ол ұрлық жасағаны үшін бұрын да сотталған. Қазір уақытша қамауға алынды. «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар сабынның денсаулыққа айтарлықтай зиянды екенін дәлелдеді

Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды

Бұл не деген сұмдық?: ОҚО әкімі көшедегі 18 дәретхананы көріп шошыды (видео)

Талқылау