Қазақстандық әйел белгісіз қосымша орнатамын деп 5 миллион теңгесінен айырылды

Орал тұрғыны телефон арқылы жасалған алаяқтық схеманың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметінше, әйелге белгісіз адамдар телефон соғып, SMS кодын айтуын сұраған. Кейін олар қайта қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері және Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі агенттігінің “мамандары” ретінде таныстырған. Алаяқтар “қаржыны қорғау” сылтауымен әйелге жасалып жатқан несие туралы айтып, операцияны тоқтату үшін арнайы қосымшаны тез арада орнатуды талап еткен.
WhatsApp арқылы жіберілген файлды орнатқан кезде қосымша жалған болып шыққан және алаяқтарға әйелдің телефонына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік берген. Сол арқылы олар 5 миллион теңге сомасына несие рәсімдеп, ақшаны өз пайдаларына жұмсаған.
Осы тұста полиция қазақстандықтарға ескерту жасады:
- Белгісіз адамдардан келген сілтемелер арқылы қосымша орнатпаңыз;
-
Ресми банк қосымшаларын тек App Store немесе Google Play арқылы жүктеңіз;
-
Мемлекеттік органдар мессенджер арқылы файл жібермейді;
-
Мұндай қоңыраулар кезінде сөйлесуді дереу тоқтатыңыз.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ алаяқтар жаңа әдіске көшкенін айтып ескерту жасаған еді.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты