Оралда әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырды
Орал қаласында әйел жүріп бара жатқан автобустан түсіп қалып, екі аяғын сындырды, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.
Басылымның ақпаратынша, №22 бағдарлы автобустың жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылымен келе жатқан. Циолковский аялдамасында жолаушыларды түсіргеннен кейін көліктің есігін жаппаған.
«Салдарынан 56 жастағы әйел автобустан түсіп қалып екі аяғын сындырды», — деп мәлімдеді БҚО ІІД-ден.
Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
“Батыс Қазақстан автобус паркі” ЖШС директорының орынбасары Александр Цесько мұндай оқиға болмағанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Петропавлда 103 жылдық тарихы бар үйдегі 16 отбасы үреймен өмір сүруде
Қайрат Түнтеков 4 жылдан бері фонограммамен өтетін концерттерден бас тартып келген
Ақбота Сейітмағамбетті шоу-бизнестен шеттетіп тастаған кім?
Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым