Оралда "Айбын" әскери-патриоттық іс-шарасы өткізілді
Оқушылардың отансүйгіштік сезімін, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, еліміздің тарихына құрметпен қарау және тәрбиелеу мақсатында Теректі орталық стадионы базасында "Айбын" атты әскери-патриоттық іс-шара өткізілді.

Шараға ауданның 14 мектебінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Салтанатты іс-шара еліміздің туы көтеріліп, әнұран шырқаумен басталды. Сайысқа қатысушылар: белтемірде тартылу, арқаға жатып денені көтеру, әскерилендірілген кросс, әскерилендірілген эстафета, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан ату және АК-74 бөлшектеу мен жинақтау бойынша өзара мықтыларды анықтады.

Іс-шара барысында барлық қатысушылар жоғары белсенділік көрсетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Шаған жалпы орта білім беру мектебі жеңімпаз атанды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың бойынан патриоттық рух, тәртіп және ұйымшылдық байқалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"