Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда апатты деп танылған үйдің төбесі құлады

Оралда 14 қаңтар, сағат 15:00 шамасында апатты деп танылған үйдің төбесі құлады. Бұл туралы “Уральская неделя” жазды.

Абырой болғанда тұрғындар аман қалды.

“Төбе құлаған кезде мен көшеге шығып бара жатыр едім. Ол жалпағынан құлап, жерге түскенде бөлшектенді. Егер мен сол жерде болғанда соның астында қалар едім”, -дейді 78 жастағы зейнеткер Лилия Жаркова.

Бұл үй 3 жылдан бері апатты жағдайда тұр. Үйге “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы бойынша құрылыс жүрмеген.

“Көзге жақсы көрініп тұру үшін балшықпен майлап қоямыз, бірақ, жөндеген бойда төбе қабырғасы жарыла бастайды. Бұрыштарының жарылғанына біраз уақыт болды. Жаңбыр жауса төбеден су ағады. Балаларға шатыр құлап қалмаса екен деп қорқып өмір сүріп жатырмыз”, -дейді аптты үй тұрғыны Руслан Сүлейменов.

Тұрғын үй 1957 жылы тұрғызылған. 3 жыл бұрын үйді апатты жағдайда деп таныған.

Әр жыл сайын әкімдіктен тұрғын үй бойынша комиссия келеді, дейді тұрғындар. Олар барлығын реттейтіндерін айтып, уәде беріп кетеді екен. Басында жаңа үйге көшіреміз деп, кейін үйдің орнына сауда орталығын салатын болған. Ал тұрғындарды, басқа жерге көшіретіндерін айтқан.

Тағы оқыңыз:

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

Сотталған жігіттің әйелі: Күйеуіме массың деп тиіскен полицейдің бірі көлік капотына мініп, терезені сындырды

Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты

Талқылау