Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда адамдарды гипноздап тастайтын ұры ұсталды

Қолының шапшаңдығы арқылы қалтасын толтырған. Оралда өзін Иран азаматымын деп таныстырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды КТК.

3b9e9e33eff275d40d6f0134704

Айналасы бірнеше күнде 4 ірі фирманың 600 мың теңгесін алдап алған оның қылмысын тек бақылау камерасының арқасында дәлелдеу мүмкін болып отыр. Күдіктінің ақша ұрлаған сәттегі көз ілеспес жылдамдығы талайды көрген тәртіп сақшыларын да таң қалдырды.

Таңдаған тауарының ақысын төлеу үшін касса маңына келген ол әр түрлі елдердің ақшасын жинап жүргенін айтқан. Әмиянындағы ірі сомаларды көрсетіп, оны жаңасына ауыстырып беруді өтінген. Шала-шарпы сөйлеп тұрған шетелдікке кассирлер сейфтен бір бума ақшаны алып, қонақтың қолына ұстата салады екен. Осы сәтте ол сумаңдаған қолдарымен бумадағы купюралардың денін қалтасына тығып үлгерген.

“Өзінің айтуы бойынша, Алматы  қаласының тұрғыны екен. Оралға қылмыс жасауға келген”, – дейді Орал қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бейсенов.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда намазханалар мен діни іс-шаралар өтетін орындарға қойылатын талаптар өзгерді

Қалыңдық көйлегін киіп алған бір топ жігіттер жұрттың ашуын келтірді (видео)

Қызылордада полицейлер “телефон ұрладың” деп оқушыны алып кетіп, іздеп барған әпкесін қамап тастаған

Талқылау