Қайырымдылық қоры Орал облысында бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға үй сыйлады
Жалғызбасты әйел осы уақытқа дейін бес баласымен жалдамалы пәтерде күнелтіп жүрген. Ал балалардың әкесі әйелінің ауыр дертке шалдыққанын естіген соң, отбасын тастап кеткен. Кейін ауруынан айыққан Толқын Төлегенова баспана таппай, көп қиыншылық көріпті.
Бұл туралы Мой Город порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жалғызбасты әйелдің жағдайын естіген «Харекет» қайырымдылық қоры бес бала тәрбиелеп отырған анаға баспаға сыйлады. Олардың үйі Орал қаласы, Зеленов ауданы Озерное ауылында орналасқан. Жылы баспанаға қолы жеткен ана, өздерінің жеке үйі болғанына қуанып отыр.
«Бізге біреулер баспана сыйлайды деген ой ешқашан түсіме де кірмепті. Әлі күнге дейін сенер-сенбесімді білмеймін. Қиын-қыстау кезеңде менің отбасыма қол ұшын созып, көмек көрсеткен мейірімді жандарға алғысым шексіз. Маған спорт клубы мен мешіт қаржылай көмектесті. Тіпті көмір беріп, от жағып көмектескендер бар. Қазір қиындықтың бәрі артта қалды. Бұрынғыдай пәтерге ақша қайдан табамын, қайда көшемін деп қиналмаймын»,-дейді көпбалалы ана.
Қиналғандарға көмектескісі келген әр адам қайырымдылық қорына 1000 теңгеден салып отырған. Осы жиналған ақшаның арқасында үш отбасы баспаналы болған екен.
«Біз біртұтас ел болғандықтан бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Осылай қазақтың «Жылу жинау» дәстүрін жаңартқанымыз жөн. Осы ежелгі дәстүрге сәйкес, ауқатты адамдар және тұтастай алғанда бүкіл халық ақша жинайды. Олар көмекке зәру жандарға қаражат жинап көмектеседі. Бұл қайырымдылықтың арқасында көмекке мұқтаж адамдар аяқтарынан тік тұрып кетеді», – деп түсіндірді «Харетек» қайырымдылық қорының жетекшісі Алғадай Әбдіходжаев.
Айта кетейік, бес бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға облыстық мешіт материалдық көмек көрсетеді екен.
Жіберіп алмаңыз:
Өзбекстан президенті Абайды насихаттау туралы қаулыға қол қойды
Қоғам белсендісі: Ерлан Біләл Абайдың рөлін қалай сомдап жүр
Қазақстанда зейнетақы мен мүгедектікті тағайындау процедурасы жеңілдетілмек
Үш баланы өрттен құтқарып қалған семейлік студент жасаған ерлігі үшін марапатталды