Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал әуежайында жаңа рейстер жарияланды

Фото: Pixabay.com

Оралдың Мәншүк Мәметова атындағы халықаралық әуежайынан ұшу жоспарланған рейстер жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі әуежайдан рейстер ұшатынын мәлімдеді.

Түркістанға рейс 3 қаңтарда Оралдан қайта басталады. Министрлік бұл рейстерді SCAT Airlines компаниясы орындайтынын нақтылады. Билеттердің бағасы – 33 000 теңге. Аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

"2026 жылы өзбек әуе компаниясы Centrum Air Орал мен Ташкент арасында әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр", – деп хабарлады министрлік.

Министрліктің мәліметі бойынша қазір Орал әуежайынан келесі халықаралық рейстер орындалады: Оралдан Франкфуртқа (Air Astana - аптасына бір рейс), Оралдан Шарм-эль-Шейхке (SCAT - бір рейс) және Оралдан Таразға (SCAT - әр 10 күн сайын бір рейс).

Бұрын Оралдан Алматы, Астана, Шымкент (маусымдық) және Ақтауға ұшатыны айтылған.

Көлік министрлігінің мәліметі бойынша 2023 жылдың ақпан айынан бастап Орал әуежайын "Орал әуежайы холдингі" ЖШС басқарып келеді.

"Компанияның бақылау үлесі (51%) қазақстандық инвесторларға, ал 49%-ы шетелдік инвесторға тиесілі", – деп хабарлады министрлік.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 02 Қаңтар, 2026 17:55