Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелі өзінен 30 жас кіші: Қазақстандық жұп көптің қызу талқысына түсті

Омар мен Аида жас айырмашылығы 30 жасФото: https://www.instagram.com/sunadillaev

Желіде жас айырмашылығы 30 жас қазақстандық отбасы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерекше отбасы жайлы журналист Нұрсұлтан Мейірбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жазба авторының айтуынша, ерлі-зайыптының бүгінде 3 баласы бар. 

"Күйеуі 30 жас үлкен. Бақыт пен махаббат - дүние, даңқ, жас пен жоқшылық қарамайды. Оған дәлел, осы ерекше отбасы. Жас айырмашылығы 30 жас. 3 тәтті баланың ата-анасы. Омар аға (ата десем ренжіді) мен Аида ханым Астанада кездесіп, танысқан, отандасқандарына биыл 11 жыл. Омар мырза Қостанайға барып, қыздың қолын сұрап, ағайынның рұқсатымен жар еткен. Ешқандай бақытсыз бейне көрмедім, бірақ бір ғана уайымы - БАСПАНА. Бірақ, “басымызда баспана болмаса да , осы күнімізге шүкір” деп отыр. Ата күніне 7000 тг алатын говновоз көмекшісі боп жұмыс істейді, Аида ханым декреттік демалыста. Сөзіне сенсек, биыл жерлестері жиналып, көктемде үй әпермек ойлары бар екен! Бұйырса сол бақытты сәтті асыға күтейік. Ал, оқырман, бұндай да бақыттың түрі ба екенін біле жүрсеңіздер! Жақсылық тілейік ба екенін біле жүрсеңіздер! Жақсылық тілейік.

Сондай-ақ ер адам видеода жас әйел өзін жасартқанын айтады.

“Мені жасартып отырған жас бәйбішем. Мен 1966 жылғымын, келіншегім 1996 жылғы. Аида екеуміз бақыттымыз. Үйленгенше менің қан қысымым 180-ге көтерілетінін, Аидамен 120-ға тұрақталды”, – дейді Омар.

Ал әйел өзінен 30 жас үлкен ер адамға өз еркімен шыққанын мойындады.

“Өз еркіммен тұрмысқа шықтым, менің көзіме жас жігіттер көрінбейді, тек үлкен ер адамдарды көремін. Қалыңмал, мәһр болмады. Қазір қыздар дүниеге қарайды, үйі мен көлігі болуы керек деп талап қояды. Бірақ маған ешнәрсе қызық болмады, тек жолдасыммен бақытты болсам, болды”, – дейді Аида.

Айта кетейік, бұған дейін арбаға таңылған жігіттің үйлену тойы көптің жүрегін елжіреткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 01 Желтоқсан, 2025 23:41