Қытайлық ірі смартфон өндірушілері наурыз айында өнімдерінің бағасын көтермек

Смартфон өндіретін қытайлық технологиялық компаниялар жад чиптерінің қымбаттауына байланысты наурыз айында өз өнімдерінің бағасын көтермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайлық Цайлянь агенттігінің мәліметінше, бұл соңғы бес жылдағы саладағы өнім бағасының ең ірі өзгерісі болмақ.
Агенттікке сұхбат берген дереккөз смартфондарға арналған жад сиптерін сатып алудың қазіргі құны 2025 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 80%-дан астам өскен және өсу қарқынының бәсеңдейтін белгілері байқалмайтыны алға тарттқан.
Агенттік мәліметінше, баға қысымының әсерінен Oppo, OnePlus, Vivo, Xiaomi және Honor сияқты бірнеше жетекші брендтер наурыз айының басында өнімдеріне жаңа баға түзетулерін енгізуді жоспарлап отыр.
Сарапшылар чиптердің бағаның күрт өсуі әлемдік ұсыныстың азаюына және тұтынушылық электроникаға сұраныстың қалпына келуіне байланысты екенін атап өтті. Сарапшылардың болжамына қарағанда, жартылай өткізгіштер өндірісі алдағы уақытта да сауда нарықтарына әсер етуін жалғастыра бермек.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар шетелден әкелінген телефондардың жаппай бұғатталуына шағымданған еді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?