Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Опера әншісі дәрігерлердің қателігінен 19 жасқа дейін өзін еркек санап келген

Дәрігерлер оны алғашында ұл бала, содан кейін гермафродит деп санап келді. Ұзақ жылдар бойы азап  пен қорлық көрген бойжеткен, өзіне қатысты шындықты  19 жасында білген.

36 жастағы опера әншісі Лиза Ли Дарк өмірінің қайғылы кезеңдері туралы баяндап берді.  Ол дүниеге келген кезде дәрігерлер оның жынысы еркек екенін айтқан. Бірақ бала өсе келе қызға ұқсаған. Лиза осы кезеңде көп қорлық көрген. Жалғыздықта өмір сүрген бойжеткен басқалардан ерекшеленгендіктен, өмір сүргісі келмеген. Бұл туралы  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Адамдар бетіме түкіріп, тас лақтырып, таяқ астына алды. Ал кейбір зұлымдар маған нәжіс жағып, қорлады»,-дейді опера әншісі.

Лиза жасөспірімдік жасқа келгенде оның кеудесі өсе бастаған. Ал дәрігерлер қызды гермафродит деп ерлерге арналған гормон қолдануға кеңес берген.

15 жасында жасөспірімге туа біткен бүйрек үсті гиперплазиясы болғаны айтылды. Бұл ауру оның қыз болғанына қарамастан, құрсақта даму кезінде тестостеронның артық болуына әкеледі. Сондай-ақ дәрігерлер оған 30 жасқа дейін тірі қалмайтынын айтқан. Ал Лиза керісінше осынша азаптан тез құтылатынына қуанған.

«Туа біткен тестостеронның арқасында менің жыныстық мүшем кеңейіп, еркектікіне ұқсас болды»,-дейді Лиза.

Лиза тек 19 жасқа келгенде ғана дәрігерлер ресми түрде оның қыз екенін хабарлады. Бойжеткен ары қарай өмір сүру үшін жаңа жынысқа үйренуге мәжбүр болды. Бұл оған әлі күнге дейін қиындық тудырады. Лизаның айтуынша, ол өте әлсіз болғандықтан, өзін әрдайым қорғансыз сезінетін. Сондықтан, қыз зорлық-зомбылық құрбаны болған кезде, бұл туралы бірнеше жылдан кейін ғана айтқан.

Қазір қыз психологиялық жарақаттың салдарымен күресу үшін опералық музыкамен айналысады және бірнеше альбом шығарып үлгерген.

«Егер музыка болмаса, мен қазір тірі болмас едім»,-дейді Лиза.

Оқи отырыңыз:

«Зимняя вишня» сауда орталығының жалға берушісі қамауға алу туралы үкімге шағымданды

Ер адам көлігімен өзінің әйелі мен баласы мінген скутерді қағып, қашып кеткен

Қытайдың «Тяньгунь-1» ғарыштық зертханасы жерге құлады

Алғаш рет Vogue журналының мұқабасына хиджаб киген қыздың суреті шықты

Талқылау