Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін қазақстандық жоғалып кетті: Сыртқы істер министрлігі жағдайды растады

Кореяда зауыттағы өрттен кейін жоғалған қазақстандықФото: gov.kz

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі  Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматының жоғалып кетуіне байланысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомство аталған жағдайды растады.

"30 қаңтар күні Оңтүстік Корея Республикасының Мэндон-мён қаласында азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шықты. Өрттен кейін бірден 81 қызметкер эвакуацияланды. Алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан азаматының қайда екені белгісіз. Полиция мен өрт қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цехтың ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылған. Марқұмның кім екенін анықтау үшін полиция Ұлттық ғылыми-зерттеу институтына жүгінді", – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство жоғалған азаматты анықтау жұмыстары жүріп жатқанын алға тартты.

“Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі полициямен, өрт сөндіру қызметімен және Қазақстан Республикасының жоғалған азаматының туыстарымен тұрақты байланыста болып, бұл мәселені бақылауда ұстап отырмыз”, – делінген хабарламада.



Еске салсақ, бұған дейін, Оңтүстік Кореяда қазақстандық зауытта өрт шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Жексенбі, 01 Ақпан, 2026 14:49