Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда ел тарихында алғаш рет қазіргі президентті тұтқындауға ордер берілді

31 Желтоқсанда Сеулдің Батыс аудандық соты қызметінен уақытша шеттетілген ел президенті Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: GettyImages

Агенттік бұл ел тарихында алғашқы жағдай екенін атап өтті.

"Сот президент Юн Сок Ельді бүлік шығарды деген айыппен қамауға алуға санкция берді. Қазіргі президентті тұтқындауға ордер конституциялық тарихта алғаш рет берілді", –  делінген хабарламада.

Юн Сок Ель "әскери күшпен төтенше жағдайға" байланысты бүлік шығарды деп күдіктеліп отыр. Сондай-ақ тінту туралы санкция берілді.

Конституциялық сот мемлекет басшысының импичменті туралы істі 27 желтоқсанда қарауды бастады. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап 180 күн ішінде шығарылуға тиіс. Бұған дейін Юн Сок Ель уақытша қызметінен шеттетілген болып саналады.

“Жақын арада қамауға алынады. Ордер әдетте бір аптаға жарамды”, – делінген басылымда.



Бұрын біріккен тергеу тобы уақытша шеттетілген президентті қамауға алу туралы ордерді ол соғыс жағдайын енгізу туралы іс бойынша жауап алуға шақыруды үш рет елемегені үшін сұратты.

Юн Сок Ель көтеріліс жасады және билікті асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Өйткені ол елде әскери жағдай жасап, депутаттардың өз күшін жоюға мүмкіндік бермеу үшін парламентке әскер жіберген.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Корея парламенті президенттің міндетін атқарушыға да импичмент жариялаған еді. Оған бұл шешімді уақытша қызметінен шеттетілген Юн Сок Ельге көмектескені үшін шығарды.

Талқылау