Оңтүстік Корея Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан солтүстіккореялық сарбаздардың санын атады
Оңтүстіккорялық депутат Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан сарбаздардың саны 100-ге жуықтағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: KCNA VIA KNS / AFP
Солтүстіккореялық әскерилер осы айдан бастап Ресей тарапын қолдап, Украинаға қарсы соғысып жатыр. Соғыс кезінде опат болған сарбаздардың саны 100-ге жуықтаған. Парламент Ұлттық барлау қызметінің ақпаратын естігеннен кейін, журналистер алдында сөз сөйлеуге шыққан Оңтүстік Кореяның депутат Ли Сон Квон тағы 1000 сарбаздың жарақат алғанын мәлімдеді.
“Қаза тапқандардың арасында жоғрағы лауазымды шенеуніктер де бар. Солтүстік Кореяның сарбаздарынан айырылуына әскерилердің бұл аймақты білмеуі және ұшқышсыз ұшақтарды пайдалануы себеп болуы мүмкін”, – дейді Ли Сон Квон.
Қазан айында Солтүстік Корея соғыс кезінде Ресейге көмектесу үшін 10 000 әскер жібергені белгілі болды.
Дүйсенбі күні АҚШ Пентагонының өкілі солтүстіккореялық сарбаздардың опат болғанын айтқанымен, олардың нақты санын атамаған еді. Бір күннен кейін америкалық шенеуніктердің бірі қаза тапқандар мен жараланғандар саны жүзден асқанын айтты.
Сондай-ақ солтүстіккореялық сарбаздардың ешқайсысының жауынгерлік тәжірибесі жоқ деген болжам бар. Олар алғашқы апталарда Ресейде жаттығып, кейін көмекші функцияларды орындауға жіберілген.
Өткен сенбіде Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Курскіге жасаған шабуылдарында солтүстіккореялық сарбаздарды көптеп пайдаланғанын айтқан еді.