Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президентіне ресми айып тағылды

Оңтүстік Кореяның прокуратурасы ел президенті Юн Сок Ёльға көтеріліске шықты деп ресми айып тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Yonhap

23 қаңтарда Оңтүстік Кореяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу департаменті Юн Сок Ёльдың ісін прокуратураға тапсырды. Сол күні прокуратура президентті қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен сотқа жүгінген. Сот құқық қорғау органының қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішінен екі рет бас тартты.

"Прокурорлар көтерілістің жетекшісі деп айыпталған Юн Сок Ёльға айып тағу туралы шешім қабылдады”, – деді демократиялық партия өкілі Хан Мин Мин.

Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.

Юн Сок Ёльдің адвокаттары тергеушілердің оны қамауға алуына негіз жоқ екенін айтты. Өйткені конституция президентке әскери жағдай жариялауға мүмкіндік береді.

Сол кезде Оңтүстік Кореяның тергеушілері президент Юн Сок Ёльді тұтқындай алмаған еді. Бірақ 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, президентті изоляторға алып кетті.

Талқылау