Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда төтенше әскери жағдай жарияланды

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл елде төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Korea JoongAng Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP Photo

Оңтүстік Корея басшысы бұл шешімнің "мемлекетке қарсы күштерге" бағытталғанын атап өтті. Юн Сок Ёлдің айтуынша, ел парламенті мемлекеттік жүйенің жұмысын бұзатын дағдарыс көзіне айналған.


Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяны жау деп жариялап, көлік қатынасын толықтай үзді


Сондай-ақ президент оппозициялық Демократиялық партияны елдің демократиялық құрылымының негіздеріне нұқсан келтірді, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтік бюджеттерге тосқауыл қойды, сот және атқарушы билік органдарының жұмысына кедергі келтірді деп айыптады. 

Оңтүстік Корея басшысы жағдай Оңтүстік Кореяның тұрақтылығына қауіп төндіретін деңгейге жеткенін баса айтты. Ол өз сөзінде әскери жағдайды енгізудің мақсаты конституциялық тәртіпті қалпына келтіру, мемлекетке қарсы күштерді жою және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген жұмысшылар саны бойынша қазақстандықтар алғашқы үштікте тұрғаны туралы жазған едік.

Талқылау