Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Африкада қалың қар жауды: Елде төтенше жағдай жарияланбақ

Сенбіде Оңтүстік Африкада қалың қар жауып, жолдар жабылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France24.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Africa Fact zone

Ерекше қалың қар сенбі Оңтүстік Африка жолдарында кедергілер жасады. Салдарынан жүргізушілер айдалада қалып қалған.

Шенеуніктердің айтуынша, Йоханнесбург пен шығыс жағалаудағы Дурбан қаласын байланыстыратын негізгі №3 тасжолы қатты зардап шекті, оның бірнеше учаскелері жабылып, айналма жолдар жүруге жарамсыз болды. Квазулу-Натал провинциясының үкіметі түскі уақытта кейбір көлік жүргізушілеріне көрпе мен азық-түлік жеткізілгенін айтты.

"Провинциялар арасында қатынайтын автобустар жанармай құю станцияларында шамамен жеті сағат тұрып қалды", – деді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванеол.

Көлік жүргізушісі Мұхаммед Гулам Йоханнесбургтен оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым (170 миль) жерде орналасқан Харрисмит қаласының сыртында балаларымен қалып қойғанын айтты.

"13 сағаттан астам уақыт өтті, тамақ жоқ, құтқарушылардың көмегінсіз бұл жерден кете алмаймыз", – деді ол.

Оңтүстік Африканың ауа райы қызметінің синоптигі 2-деңгейдегі қызғылт сары ескертулер берді. Сөзінше, төтенше жағдай жарияланады. Өйткені елдің бірнеше бөлігінде қалың қар жауу мүмкін.

Талқылау