Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да өз анасынан оңбай таяқ жеп, бас сүйегі сынған баланың беті бері қарады

Оңтүстік Қазақстан облысында өзінің  анасынан оңбай таяқ жеп, бас сүйегі сынған баланың беті бері қарап келеді.

5d830cd352994465b985d30badfe6b12

Жансақтау бөлімінен бүгін  палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды 31 арна.

Дегенмен мүгедек болып қалу қаупі әлі де сейілген жоқ. Туыстарының айтуынша,  жеті жасар Асылдың анасынан көрмегені жоқ. Қатыгез әйел тіпті,  баласының денесіне ине тығып, бетіне ыстық шай құйып, таяқпен ұрып сабаған көрінеді.

«Бас сүйегі сынып, миы шайқалған» жансақтау бөліміндегі жеті жасар бала тек жиырма күннен соң ғана жалпы палатаға ауыстырылды. Басынан бөлек, денесінің біраз бөлігі күйген Асылдың ми ісігі жазыла бастаған. Алайда мамандар оның ақыл-есі кеміс болып қалу қаупі бар деп отыр.

“Дәл қазір науқасқа медикаментті көмек көрсетілуде. Мидың ісіну белгілері қайтуда. Науқас қазіргі таңда нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылуға дайындалуда”, – дейді ОҚО балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Мұхтар Әбдікәрімов.

Баласын аяусыз сабаған қатыгез ананың жақындары Ордабасының Бөген ауылында тұрады. Бала соңғы бірер ай нағашыларының қолында болған. Туыстары жастай ерке өскен Ақмоншақтың жеңіл жүрісте болғанын да жасырмады. Сөздерінше, әйелдің үш баласы үш әкеден. Өз баласына қол көтерерді деген ананың ақыл-есінде ауытқушылық барын туыстары білетін болып шықты.

“Дұрыс болғанда, шамалы жетіспейді бірақ. Кемістігі бар”, – дейді , Асылдың нағашысы Бақдәулет Батталғазиев.

“Көкірегіне ине тықтым деді. Бетіне ыстық шәй құйып күйдіріп, таяқпен сабадым, – деді. Қорықпайсың ба, ертең сотталасың ғой деген едім, сізден жақсы білемін, сотталатынымды, біліп отырмын, – деді. Ол ештеңеден де қорқып отырған жоқ”, – дейді Асылдың жеңгесі Сандуғаш Жолдасбекова.

Полициядағылар тергеу жүргізіліп отырғанын, іс бойынша сараптама қорытындысы келесі айдың басында дайын болатынын айтады. Заң аясында тексерілуде деген құзырлы орындағылар, әзірге әйелдің бас шарасын қамауға алу мәселесі күн тәртібінде жоқ дейді.

Тағы да оқыңыз:

Стоматолог емделушінің 22 сау тісін жұлып тастаған

Қарағандыда әйел өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген

Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады

Талқылау