Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Онлайн валюта айырбастау: FX-платформасы арқылы валютаны тиімді ауыстыр

Енді сізге жақын жердегі айырбастау пунктін іздеп, оның жұмыс уақытына ыңғайланудың қажеті жоқ. Барлық валюта операциялары қолыңыздағы мобильді телефонда қолжетімді.  bcc.kz мобильді қосымшасында FX-платформасы арқылы бұл процесті оңай әрі жылдам жүзеге асыруға болады. Бұл инновациялық онлайн қызметтің көмегімен валютаны кез келген уақытта, қай жерде болсаңыз да, оңай сатып алуға, сатуға және айырбастауға болады. Осы қызметтің қалай жұмыс істейтінін және оның қандай артықшылықтары бар екенін бірге қарастырайық.

Иллюстрация Stan.kz

FX-валюта айырбастау құралы деген не және ол қалай жұмыс істейді?

FX-платформасы Қазақстандағы валюта айырбастаудың бірегей мүмкіндігін ұсынады. Мұнда сіз валюта операцияларын биржа бағамдары бойынша тиімді және ыңғайлы түрде жүзеге асыра аласыз, себебі қызмет нарықтағы ең қолайлы шарттарды ұсынады. Бағамдар нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады, сондықтан әрдайым соңғы өзгерістерді біліп отырасыз.

Валюта айырбастау процесі небәры бірнеше секундты алады. Соманың көлемі маңызды емес, үлкен көлемдегі не аз қаражат болса да процесс жылдам және оңай жүреді. Ең бастысы, операциялар ешқандай комиссиясыз жүзеге асады, яғни бұл қызмет су тегін. Уақыт пен ақшаны бағалайтын, қаржылық операцияларды жылдам әрі ашық түрде жасағысы келетіндер үшін бұл – таптырмас қызмет.

FX-ақша айырбастау қызметін пайдалану қиын емес. bcc.kz қолданбасына кіргеннен кейін пайдаланушы валюта алмастыру опциясын таңдайды, қажетті валюта мен айырбасталатын соманы белгілейді. Содан кейін бір минут ішінде дербес бағам сұрауға немесе қалаған мөлшерлемемен  кейінге қалдырылған ордерді орнатуға болады. Ұсыныс дайын болғаннан кейін пайдаланушыға хабарлама келеді, егер ол тарифке қанағаттанса, транзакцияны бірден аяқтауға болады. 

bcc.kz мобильді қосымшасынан скриншот

FX-платформасы ұсынатын дербес бағам дегеніміз не?

Мұнда нақты уақыт режимінде нарықтық жағдай ескеріле отырып қолданушыларға дербес бағам ұсынылады. Платформадағы бұл қызмет қазақстандық басқа банктердің ұсыныстары арасында бірегей екенін атап өткен жөн. Бұл -  жеке қызмет алуды қалайтындар үшін, әрбір транзакциядан максималды пайда көргісі келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған функция.

Мәселен, сіз 10 000 долларды басқа валютаға айырбастап қана қоймай, одан максималды пайда алғыңыз келетінін елестетіп көріңіз. Платформада бұл қызметті кезең-кезеңімен қалай алуға болатынын қарастырайық:

  •  bcc.kz мобильді қосымшасына өтіп, “Қызметтер” бетінде “FX-ақша айырбастауды” таңдауыңыз керек. Осы жерде "Дербес бағам" қойындысын таңдауға болады.
  •  Валюта мен соманы белгілеу керек.
  • Қай валютаны айырбастағыңыз келетінін таңдаңыз: доллар, еуро немесе басқа, немесе қымбат металдар - алтын немесе күміс. Дербес бағам қызмет 10 000 АҚШ долларынан немесе басқа валютадағы осы соманың баламасынан басталатын сомалар үшін қолжетімді екенін атап өткен жөн.
  • Дербес бағамға тапсырыс беріңіз.
  • Валютаны таңдағаннан кейін соманы енгізіп, "Бағамға тапсырыс беру" түймесін басу керек. Банк қазіргі нарықтық жағдайға байланысты бір минут ішінде сізге тиімді ұсыныс жасайды.
  • Транзакцияны растау керек.
  • Бағамның ұсынысына қатысты push-хабарландыруын алғаннан кейін оны қабылдау керек. Бұл бағам сізге сәйкес келмесе, басқа да тимді ұсыныстарды күтуге болады. 
  • Егер бір минут ішінде өтінішіңізді растамасаңыз, ол қауіпсіз және жылдам процесті қамтамасыз ете отырып, автоматты түрде жойылады. Бұл ретте күніне 20 транзакцияға дейін жасауға болады, ал максималды түрде 1,2 млрд теңгеге дейін, бұл тәулігіне 24 млрд теңгеге дейін айырбастауға мүмкіндік береді.

Дәл қазір платформада 19 валюталық жұп қолжетімді. FX-ақша айырбастау қызметінде сіз тек валютаны ғана емес, сонымен қатар алтын, күміс деген сияқты бағалы металдарды, сатып ала аласыз. Осы платформа арқылы валютаны тиімді сатып алсаңыз, біршама уақыттан соң оны сатып та пайда таба аласыз. 

Бағаны өзіңіз белгілеп, валюта ауыстырыңыз 

FX-ақша айырбастаудың тағы бір негізгі функцияларының бірі - кейінге қалдырылған ордер деп аталатын қызмет. Пайдаланушы валютаны сатып алу немесе сату үшін қажетті бағаны өзі алдын ала таңдай алады және нарық осы бағамды ұсынғанда, операция автоматты түрде орындалады. Бұл тәуекелді барынша азайта отырып, транзакцияларын бақылап, одан пайда алғысы келетіндер үшін оңтайлы. Кейінге қалдырылған ордерді 500 доллардан басталатын сомаға орналастыруға болады, осылайша бұл мүмкіндік барлық пайдаланушыларға қолжетімді.

Мысалы, сіз еуроны 500 теңгеден сатып алғыңыз келеді, бірақ қазіргі бағам 520 теңге болып тұр дейік. Бұл жағдайда сіз кейінге қалдырылған ордерді қолдана аласыз. Ордерде сіз 500 теңге бағамын көрсетесіз және жүйе осы бағаға жеткен кезде автоматты түрде айырбастау жүргізеді. Бірнеше күннен кейін еуро бағамы 500 теңгеге дейін төмендеді деп елестетейік. Сол сәтте жүйе автоматты түрде сіздің еуроға арналған өтініміңізді іске қосып, айырбастау операциясы сіз көрсеткен бағам бойынша жүзеге асады.

Бұл платформа несімен тиімді?

Қарапайым мысал, адамға үлкен соманы айырбастау қажет болған кезде банк кассасында қолма-қол ақша болмауы мүмкін. FX-ақша айырбастау қызметін пайдалану оңайырақ, өйткені қызмет арқылы айырбастау операцияларын тиімді жүргізе аласыз. Кез келген орындалған транзакциялар үшін, сомасына қарамастан, комиссия алынбайды. 

FX-ақша айырбастау бірқатар артықшылықтарды ұсынады: комиссиясыз транзакциялар, ірі транзакциялар үшін дербес бағам және кейінге қалдырылған ордерді орнату мүмкіндігі. Қызметті қолданушылар валюта нарығындағы өзгерістерге тез жауап бере алады және валюта айырбастаудың ең жақсы шарттарын ала алады. FX-платформасы жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 10:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді, бұл осы уақыт аралығында операцияларды жылдам жасауға мүмкіндік береді. Ал валютамен ғана емес, бағалы металдармен жұмыс істеу инвестиция салуға және кірісті арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Талқылау