Онколог қатерлі ісіктің даму қаупін арттыратын өнімді атады
Медицина ғылымдарының кандидаты, хирург және онколог Иван Карасев қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын өнімді атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Первый медицинский канал” YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: siss.ru
Оның айтуынша, майлы ет пен консервілерді бақылаусыз тұтыну колоректальды онкология жағдайларының дамуына себеп болады.
Дәрігер бұл өнімді тұтынғаннан кейін ас қорыту процесі дұрыс жүрмейтінін атап өтті.
"Ішектегі созылмалы қабынуды қолдайтын ашыту өнімдері қалады. Етті аптасына бір-ақ рет тұтынуға тырысу керек. Керісінше балық жеген жөн", - деді маман.
Айта кетейік, бұған дейін Невропатологтың чипс пен газдалған сусынның миға зиян тұсын айтқанын жазған едік. Сонымен қатар невропатолог мидың денсаулығы үшін майсыз пісірілген ет, балық, сүт өнімдерін жеуге және жеткілікті ұйықтауға кеңес берді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады