Дәрігер не себепті ұйқыға жатар алдында айран ішуге болмайтынын айтты
Эндокринолог Зухра Павлова ұйықтарда сүт өнімдерін ішу семіздікке әкеліп соғатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Көптеген мамандар кешкі уақытта айран ішуге кеңес береді. Айтуынша, айран ішекке пайдалы әрі құрамында көп калория жоқ. Алайда дәрігер-эндокринолог Зухра Павловна қазіргі медицинада мұндай ұсыныстарға қатысты өзгерістер барын айтады.
“Ашыған сүт өнімдерінде инсулин индексінің жоғары екені анықталды. Оның үстіне біздің ағзамызда кешкі уақытта инсулин гормоны белсенді түрде бөлінеді. Айран ішіп ұйқыға жатқан адамның қанында глюкоза деңгейі төмендейді, ал бауыр оны бар жылдамдықпен синтездейді”, – дейді дәрігер.
Сондай-ақ жатар алдында тұрақты түрде айран ішу қант диабетіне және семіздікке әкелуі мүмкін.
Бұған дейін артық салмақтан арыла алмай жүргендер жиі айтатын 4 сылтауы туралы жазған едік.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген