Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өнертапқыш: Жаңа смарт бесікті енді аналар алыста отырып басқара алады

Астаналық өнертапқыш Серікбол Шаймардан бала жылаған сәтте өздігінен тербелетін бесік ойлап тапқан болатын. Бұл құрылғы кішкентай сәбидің кез келген әрекетіне әсер етеді. Бүлдіршіннің жылағанынан бастап, дене қызуы мен жаялықтың тазалығына дейін біліп тұрады.

бесік7

бесік

Алтынай Жорабаева, ‪Ардақ Балажанова, ‪‪Қарақат Әбілдина, ‪Майра Мұхамедқызы, ‪Мейрамбек Беспаев, Роза Әлқожа, ‎Тамара Асар және ‪Толқын Забирова сындық қазақ өнер жұлдыздарының әлдилері орнатылған бесікті алыстан басқаруға болады. Сонымен қатар тербеліс уақытын да өзіңіз реттей аласыз.

 

бесік1

тоқбесік1

тоқбесік

тоқбесік.jpg2

Қазіргі таңда электромеханик Смарт Бесік 2 жобасы аясында жұмыс жасауда.

«Алғашқы бесік – эксперимент ретінде болды. Алла қаласа, Смарт Бесік 2 дизайны және жұмыс істеуі жағынан Смарт Бесік 1-ге қарағанда жақсы болады» – дейді Серікбол.

 

бесік2

Смарт тербеткіш 2-нің тербету күші Смарт тербеткіш 1-ге қарағанда 6 есе күшті, яғни, алғашқы тербеткіш 6 вольттық кернеумен жұмыс істесе, қазір 12 вольт және жұмыс жасауы 2 есе жақсы. Сонымен қатар бұл жолы аналар бесік, манеж және тербеткіш құралға бірден ие болады. Өнертапқыш, тіпті, дизайнына дейін тыңғылықты ойластырып, әрбір нүктесіне аса мұқияттылықпен келген.

 

бесік3

«Леонардо Да Винчидің «Нағыз тамаша зат – мәдениет пен ғылымның қосындысынан шығады» деген сөзі бар. Менде «Смарт Бесік 2» барынша сондай болғанын қалап жатырмын. Көреміз, нәтижесі қандай боларын.  Бесіктің әрбір нүктесінде ой болса деймін. Бесік бойындағы әр оюдың өзінің мәні бар, бесік басы: алма – Адам ата мен Хауа анамыздың әңгімесінің бейнесі, Кереге, ердің қасы -ұлттық болмысымыздің белгісі. Бесіктің аяқ жағы: қарлығаш – Қазақ дүние танымындағы тіршіліктің бастауы және Пайғамбар xиссасын есімізге салады»- дейді электромеханик.

бесік4

Бесіктің  тағы бір артықшылығы – енді оның өз жабдығы болады. Бұрынғыдай бесік жабдықтарын алып әуреленудің қажеті жоқ.

«Бесіктің ішінде көрпе-жастығы бар. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабында: «Бізде баланы бөліп – бөліп бөлейді» деп айтылады. Ал, ол кісі баланы біртұтас жабатындай болса дейді. Сол сияқты, біздің жабдықтар бір тұтас жабады. Айта кетерлігі бұл жабдықтар «екеуі біреуінде», яғни бір жағы қыз балаға, екінші жағы ұл балаға арналған. Дүниеге ұл келсе ұл жағын пайдаланады, сәйкесінше қыз болғанда қызға арналған жағы іске жарайды» – дейді Серікбол.

 

бесік5

Сонымен қатар аталған жабдықтарға дәстүрлі байлау тәсілдері қолданылмаған. Сәби бесікке салынғанда жіп немесе матадан жасалған тартпа бау емес, заманауи үлгідегі белбеудің (ремень) көмегімен бөленетін болады.

бесік6

Жас өнертапқыш ең алғаш 10 сыныпта оқып жүргенде бесікке мотор орнатып, бала жылаған сәтте тербелетіндей етіп ғылыми жоба байқауына қатысады. Алайда, облыс көлемінен әрі аса алмаған, дегенмен бұл идеясы оның жеке куәлігіне айналады. Жоғары оқу орнын бітірер кезде жобаны тиянақты аяқтап, бизнес көзіне айналдыруды ойлайды. Міне, сол уақыттан бері бесікке қызығушылық арта түскен. Бүгінге Смарт бесік 2-ге  Қытай және Моңғолия елдерінде  сұраныс көп дейді өнертапқыш.

 

бесік8

 

Талқылау