Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ондай қоңыраулар болған шығар": Дәурен Абаев шенеуніктердің редакторларға қысым жасауы туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандық БАҚ өкілдерін қорқытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Дәурен Абаев

«Телефон қоңыраулары мәселесіне қатысты оралайық. Біз қазір белгілі бір анализ жүргіземіз. Осы орайда бас редакторлармен байланыс орнатып, мұндай сипатта қанша қоңыраудың шалынғандығын сұрауымыз керек шығар. Біз мұндай жағдайлардың болған болуы мүмкін екенін жасырмаймыз. Сондай-ақ, көп қоңыраудың мемлекеттік органдар тарапынан бірнәрсені түсіндіру үшін ғана шалынғанына сенімдімін. Журналистер, сіздер кейде өз тараптарыңыздан қандай да бір нақты емес ақпарат жіберген болуларыңыз мүмкін. Мемлекеттік органдар мұндайда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселенің анық-қанығына жетуге тырысқаны сөзсіз», - деді Дәурен Абаев. 

Әрі қарай министр Елбасының БАҚ-та еркіндік болмаған кезде, елдің дамымайтыны туралы айтқанын еске алды. 

«Мұны сіздер де жақсы білесіздер. Сіздер, журналистер, не нәрсеге назар аудару керектігін көрсетіп отырасыздар. Соның ішінде мемлекеттік органдар да бар. Сол себепті біз осы жерде түсіндіру, нақтылау жұмыстарын жүргізу үшін отырмыз. Бұл тек өткен жолғы саяси кеңеске ғана қатысты емес, барлық әлеуметтік блокқа тиесілі», - деп мәлімдеді Дәурен Абаев. 

Естеріңізге сала кетсек, «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев редакторларға қысым жасаған шенеуніктердің қалай жазаланатынын айтқан еді. 

Талқылау