Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Онда елтаңбаны да ауыстырыңыз": Алматы тұрғындары қар барысы муралын жарнамалық суретке ауыстырғанына наразылық білдірді

Алматыдағы қар барысы муралының орнына жарнамалық сурет салынған. Тұрғындар мұны өзгерткеніне наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жібек жолы көшесіндегі үйде бейнеленген қар барысы бар граффити Coca-Cola-ның жарнамасына ауыстырылды. Әкімдік мұның келісімген екенін мәлімдеді.

Бұл туралы фотограф Вячеслав Фурсов өз Facebook-парақшасында жазды.

“Қар барысы енді жоқ. Әкімдік барлығы келісілгенін және бұл арқылы олар әлдеқайда жақсы табыс табатынын хабарлайды. Әкімдікке мұнымен тоқтап қалмауды және барысты кола бөтелкесіне, тіпті елтаңбаға ауыстыруды ұсынамын. Осылайша бұдан да көп ақша табуға болатынына күмәнім жоқ”, – деп жазды ол.

Бұл жарнамалық муралға Coca Cola ай сайын қала бюджетіне 200 АЕК, яғни690 мың теңге төлейді.

Coca-Cola бұған қатысты мәлімдеме жасады. 

“Біз муралға қатысты жұртшылықтың пікірін естиміз. Осы жағдайды шешу үшін шаралар қабылдайтынымызды хабарлаймыз. Нәтижелері міндетті түрде айтылады. Шыдамдылықтарыңызға рахмет”, – делінген компанияның парақшасында.

Қала орталығындағы барыстың бейнесі 2017 жылы пайда болды. Мұны "Балалар бейбітшілікті бейнелейді" қоғамдық қоры мен Алмалы аудандық әкімдігі жасаған еді. Қар барысы Алматы сиволы деп саналады және бұл мурал екі жыл бұрын ең үздік граффити деп аталды.

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 13 Мамыр, 2023 18:20