Он бір жыл түрмеде отырған боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Бұрынғы чемпион Девон Александердің ағасы орта салмақтағы америкалық боксшы Вон Александер Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шықпақ ниетте.
Вон 2004 жылдары мықты боксшылардың бірі болған еді, бірақ қарулы қарақшылық қылмысы үшін түрмеге отырған. Ол он бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Тек 2015 жылы қалыпты өмірге көшіп, алты рет жекпе-жекке шығып, бәрінде де жеңіске жетті.
“Мен түрмеде отырған кезімде 175 фунт едім, қазір – 160 және осы салмақта айқасқым келеді. Менің жоспарым – орта салмақта әлем чемпионы болу. Сондықтан Головкинмен жекпе-жекке шыққым келеді”, – деді Вон Prodigy of Boxing Talk-ке берген сұхбатында.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыдағы қос бүлдіршіннің өліміне базардан сатып алынған шұжық себеп болуы мүмкін
Таразда бірнеше жігіт бір адамды жабылып сабап өлтіріп кетті
Ақтөбеде қыздары хиджаб киген ата-аналар Бердібек Сапарбаевты іздеп әкімдікте шу шығарды