"Оң аяғымның еті жұлынып кеткен": Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды
Танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова өмірін өзгерткен жол апатын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі журналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, денсаулығына қатысты сұраққа жауап берді.
“Жол апатына 40 жасымда түстім. Оң аяғымның еті жыртылып кеткен. Төсекке танылып, үш ай жаттым. Одан кейін операциядан кейін тағы үш ай күтінуге тура келді. Қазір есептеп отырсам, екі жылдай оңалуға уақыт кетіпті. Тіл-көз де болған шығар. Сол кезде мен көп дүниенің қадірін білдім. Өмірге қайта келгендей болдым. Бұрын ешкімді жамандамай, дұшпанымды жауға қалдырмайтын адам едім. Одан кейін тіпті періште болдым. Осы күнге дейін ешкімге ауыр сөйлеп, қарғап көрмедім. “Бақыт” деген әнімнің мағынасын сезіндім. Мен түнде жол апатына түстім. Дәрігерлер түнгі үште ота жасады. Сол кезде мен “Тездетіп бітіре салыңыздар, ертең концертім” деп айттым. Алда мені не күтіп тұрғанын білген жоқпын. Өз бетіңше бет жуып, тамақ ішу – бақыт екен”, – деді әнші.
-
"6-сыныпта өзіме көйлек тіктім": Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алды
-
"Бірінші жолдасым ерте қайтыс болды": Айжан Нұрмағамбетова алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті
Сондай-ақ өнер иесінің төсектен тұруына ақын Мұқағали Мақатаевтың аян бергені себеп болған.
“Жол апатына дейін “Мен деп ойла” мен “Бақыт деген...” әндерді жарыққа шығарып үлгердім. Екеуі де – Мұқағалидікі. Ақтөбелік талантты композитор Бақтығали Жұмалин Алматыға келіп, эстрада әншілерімен жолыққысы келді. 30-ға жуық әншілер ұсыныстан бас тартты. Мен ғана жеті әнін таңдап алдым. Бірі – Мұқағали атамыздың “Бақыт деген...” әні болды. Бұл тегін емес. Аурухана төсегінде жатқанда Мұқағали атамыз менің маңдайымнан сыйпап, “Тұра ғой, әніңді шырқа” дегендей аян берді. Сол кезде халыққа екі ән де кеңінен таралып жатқан еді”, – деді мәдениет қайраткері.