Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірқұл Айниязов өзінде үш бірдей үйі барын айтып мақтанды (фото)

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов әртүрлі қалаларда үш үйінің бар екенін айтып мақтанды. Ішінде біреуінің құрылыс жұмыстары әлі толық аяқталмаған екен.

dh_zOu3B1jg

Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov/

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында бағдарламасында айтылды.

Бүгінде Өмірқұл Айниязовтың үш үйі бар. Солардың біреуін кезінде танымал журналист Қымбат Әбілдинадан сатып алған екен.

“2002 жылы оқуды тәмамдаған соң Талдықорған қаласына қоныс аудардым. Сол жақтан үкімет маған екі бөлмелі үй сыйлады. Жазда әдетте Талдықорғанға қыдырып барған кезде, сол үйге тоқтаймыз. Мұнымен қатар, жер алып үй салып жатқан жайым бар. Құрылыс жұмыстарын өткен жылы бастаған болатынмын. Қазір көріп отырған пәтерлеріңіз де тегін адамның үйі емес. Бір кездері белгілі журналист Қымбат Әбілдина апайымызға тиесілі. Сол уақытта құны 86 мың доллар болды. Мен тек 80 мың доллар бердім. Артынша жөндеу жұмыстарына 15-20 мың доллардай ақша жұмсадым”, – дейді ол.

K06ErJWGrMY

kEN26nR0mLc

LdX-q3HTYhU

Мұнымен қатар, әнші қымбат киім мен сыйлық алғанды ұнататынын айтты. Бір кездері ол JADO сән үйінен 1 миллион теңгеге тон алып жұртты таңқалдырған болатын. Ал келіншегі үйдің сыртқы жұмыстары мен күйеуінің шығармашылығына мүлдем араласпайтынын айтады.

pnre

rnpnr

peakuuuuu

peakkepenp

rnrgogggg

akak

“Үш қабатты үйімізде бөлмелер көп. Сұлтаным сол үйдің сыртқы жұмыстарының барлығын өзі реттеп жатыр. Мен ақша мәселесіне араласпаймын. Түсқағаз, кілем сынды дүниелерді бірге таңдаймыз, бірақ, соңғы шешім менде болады. Екеуіміздің мінезіміз бір-бірімізге сай келеді. Екеуіміз де жұмсақпыз”, – дейді келіншегі.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын

Талқылау