Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірін сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеген қазақстандықтар алаяқтардың арбауына түсті

26 ақпан күні қаржы мониторинг агенттігі тағы бір қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты. "Buyers Union" деп аталатын қаржы пирамидасы кең ауқымды операция жүргізіп, тұтынушылық кооператив ретінде жасырылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Алаяқтар салымшыларды жылжымайтын мүлік, көлік сатып алуға және Trade in және ReFinance бағдарламаларына қатысып инвестиция жасауға үгіттеген. Сонымен қатар кооператив жеке тұлғалардың қаражатын тартудан дивидендтер алу мүмкіндігімен менеджер болып жұмыс істеуге мүмкіндік берген.

Кооперативке қатысудың негізгі шарты:

  • Өмірін сақтандыру үшін ай сайын 30 мың теңге төлеу;
  • Сатып алынатын мүліктің құнынан 10%-дық жарна төлеу.

Алайда кооператив салымшыларға ақша алғаны туралы ешқандай құжаттарды ұсынбаған, ал салым сомасы тек пайдаланушылардың жеке кабинетінде көрсетілген.



“Нәтижесінде, пирамидаға 250-ден астам салымшы тартылып, 300 миллион теңгеден астам қаражат салған. Пирамида ұйымдастырушысы екі айға қамауға алынды”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін 86 мың адам "Asar Baspana" қаржы пирамидасына 12,4 миллиард теңге салғаны туралы жазған едік.

Талқылау