Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 миллиондық көлікке ақша бермей қойды": Дархан Мұсаев әйелінің 2 миллиард теңгеге жуық ақшадан кейін өзгеріп кеткенін айтты

Дархан Мұсаев әйелінің 1 миллиард 850 миллион теңгеден кейін өзгеріп кеткенін айтты

Фото: Видеодан скрин

Актриса Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында танымалдық пен ақша әйелін адам танымастай өзгертіп жібергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Миллиард теңгеден кейін мүлдем өзгеріп кетті. “Айналайын, сен бүйте қойшы” деп пісіп кеткен. Соңына дейін көрейінші не боларын дедім. Сонымен фильмнің көрсетілімі тоқтайды. 1 миллиард 850 миллион теңге жиналды дегенде мүлдем өмірімде көрмеген Дариғаны көрдім. Осының алдында мынандай әңгіме болды. “Дархан, сен қаншы жыл ұрпақсызсың. Мен саған тоқал алып берейін. Осы үйде тұр, болмаса сол әйелмен бөлек қала тұр. Ұрпақ сүйсең” деп күліп отырып айтты. Мен “былықтырма, олай болмайды, енді арманымызға жеткенде ондай әңгімені қой” дедім”, – деді Дархан Мұсаев.

Айтуынша, ол осы уақытқа дейін әйелінің ақшасына қарап отырған адам болмаған. 2015-2017 жылдарға дейін бір тойға барып, жер алып, темір тұлпар сатып алатындай жағдайда болған. Кейінгі 2-3 жылда табысы Дариға Бадықованың табысынан 34 есе азайған. Ол сол себепті әйелі өзінің сағын сындара бастағанын айтып қалды.

“Екеуміз көліктерімізді сатып кірістік. Отбасы болған соң бір мүддеге жұмыс істедік. “Менмендік” деген болмайды. Киноның атып кететінін білдік. Мен де бір, сен де бір көлік аласың деп келістік. Қантардың 10-15-інде миллиард түсті. Мен 15 миллионға көлік тауып қойғанымды айттым. “Көп қой”деді. Мен 10 миллионға іздейін дедім. Сөйтіп 10 миллионға таптым. “Менде ондай ақша жоқ. Біз банктен шеше алмай жатырмыз. Арзандау машина іздеші” деді. Өзім “мынау түсіп бара жатыр ғой” дедім. Бірақ өзім келісіп сол көлікті алдым. Кейін қанша береді деп күтіп жүрдім. “Тым болмаса 7-8 млн берсе екен” деп ойладым. Актерлер де өз еңбекақысын алады ғой. Сөйтіп 3-4 миллион, 1 200 000 теңге етіп бөліп жүріп берді”, – дейді актер.

Ол әйлінің қас-қабағына қараймын деп күшік күйеу болып кеткенін де мойындады.

“Көңілім босағанда, мен 15-16 жасымда анамнан айырылғанмын. Анамнан артық емес қой. Қайта қуанамын. Мен үшін әкем жоқтай болып кетті. Мен үшін бауырларым, туысқандарым, сыныптастарым жоқ болды. Әкем Дариға екеуіміз отасқалы бері үйіме 3-4 рет қана қонды. Үш бауырым бар. Бейбіт Мұсаев өнер адамы, қолында (ақшасы – ред) бар адам болған соң қабағын ашқан болар. Үлкен бауырым да 4-5 рет қонды. Ал туған әпкем, ана орнына ана болған Мәншүк 16 жыл бойы мүлдем үйіме келмеген. Дариғаның қабағына қарадым. Жақтырмайды. “Осы тыныш болсыншы” деп қатынжанды болып кеттім. 18 жыл бойы күшік күйеу болғаныма өкінемін”, – деп мойындады ол.

Дархан Мұсаевтың бұл сұхбаты желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті. Көбі көп табыс тапқаны үшін сатқын болған Дариға Бадықоваға қолдау білдірді. Арасында танымал коуч Роза Әшірбаева да бар.

“Ер адам табысқа жетіп, отбасынан “өзін табу үшін” кетсе, қоғам оны түсініп, қолдайды, тіпті мақтайды. Ал әйел дәл солай істесе, оны бірден “опасыз”, “жаман ана”, “жаман әйел” деп айыптайды. Дариға Бадыкова кейбір ерлер секілді, жағдайы жақсарған соң өз таңдауын жасады. Ендеше, неге ол жаман болып саналады?”,”Бұрынғы күйеуі қандай еркектен қашу керек екенін көрсетті. Оған тіпті 1,5 сағат уақытыңды да жоғалтудың қажеті жоқ. Сарп болған 16 жыл”, “Әйел ретінде қолдаймын”, “Мынау еркек пе?”, – деп жарыса жазды олар.

Десе де сұхбаттан кейін актрисаның бұл әрекетін сатқындыққа санағандар да бар.

“Мәселе, ортақ мүддеге жылдар бойы бірге жұмыс істеген соң, 1 млрд 850 млнды қалтаға басқан сәтті күтіп, ақшаны бөліске салмау үшін қол қойдырып жанталасу! Бұндайды қазақ иттік дейді”, “Ақшаны бірге құйды ғой”, “Күнәһар ғой дүниенің артынан кеткен”, – деп сөккендер де болды.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 05 Қазан, 2025 12:39
Талқылау