Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмір сүру қорқынышты": Қарағандыда белгісіз ер адам бір жасар баласы бар әйелге балтамен шабуыл жасаған

Қарағанды облысында белгісіз ер адам әйел мен бір жасар балаға шабуылдаған. Мәліметтерге сай, ер адамның қолында балта болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

балта

11 ақпан күні кешке ерлі зайыптылар бір жасар баласымен Солнечная көшесіндегі ағаларының үйіне оны дәріханаға апару үшін келген. Жұбайы ағасының үйіне кіріп кеткен кезде көлікте әйел мен бала қалған. Осы кезде қолына балта ұстаған бейтаныс адам көлікке жақындап, есік тұтқасынан тартып, фараларды сындыра бастаған. Ана мен бала көлік есіктерін бірден кілттеп тастаған. Соның арқасында жарақат алмаған.

"Ол есікті аша алмаған соң, балтасын алып кері қайтты. Мен тез күйеуіме қоңырау шалдым. Ол жүгіріп шығып, бізге келіп, бәрі дұрыс екенін көргеннен соң, бейтаныс адамның артынан жүгірді. Сол кезде жаңағы адам оған балта лақтыра бастады. Біз оны ұстау үшін полицияға арыз жаздық. Бірақ олар ештеңе істемейтіндерін айтты. Себебі түрмеге қамайтындай дәлел жоқ екен. Қазір ол үйінде отыр. Келесі құрбан кім болары белгісіз?  Біз бәріміз де адамбыз, бәріміздің де балаларымыз бар. Бұдан кейін өмір сүру қорқынышты", - деді жәбірленуші.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша полицияға тіркелді. Құқықбұзушылық жасаған 58 жастағы ер адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

 

Талқылау