Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмір мен өлім арасы: Таиландта вегетариандардың ең қатігез фестивалі өтті (фото 18+)

1-9 қазан аралығында Пхукет аралында вегетариандар фестивалі өтті. Мерекені Таиландтың басқа провинциялары да тойлады, алайда Пхукеттегі жағдай нағыз жаһанның назарын аудартты.

preview_a9e71360e56612614521da431d4835b7

Фото: Сергей Строителев

Материалда қорқынышты кадрлар бар екенін ескертеміз!

Шыққан тегі қытайлық таиландықтар бұл мейрамды атап өтеді. Пхукеттің төрттен бірі сол адамдар. Аралда орналасқан 30 қытай храмында салтанатты шара өтті. Бұл салтанатты шараны нағыз өмір мен өлім арасы деуге болады.

Олардың түсінігінде дәстүрді осылайша атап өту, мінәжат етіп, дұға жасау болып есептеледі.

preview_3d6ec476d8fde5d02e23e21b8bfa8298

Сол жақта: Медиум ұртын бірнеше жерден тестіріп, оған ұзын темірлерді айқастыра кіргізіп дайындалуда.

Оң жақта: Отбасы храмда дұға қылып жатыр.

preview_4ec76c9fbef84a028ad75560995b218d

Сол жақта: Фестиваль кезінде медиум-қызға көмек көрсетілуде. Ауа температурасы Цельсий бағамы бойынша 36 градусқа жеткен.

Оң жақта: Медиум барша келушілерге алғыс білдіруде.

preview_5f7343e96c02ec1ef1e959befa04030d

Сол жақта: Медиумның арқасындағы балта арқылы түскен жарақаттан аққан қан.

Оң жақта: Фестиваль кезінде көшелерде міндетті түрде фейерверктер атылып, жұрт әбден думандатады.

preview_7d1d35ab4d3ea3c18a21dd75f72526cf

preview_41bad3d611140660e2f25101c82d78bd

preview_69e1236c0016e25ad39049f3017a91db

preview_266f3106bc5d0b1ffe4f534b2bf8f023

preview_896aee27d5f884e2ddb6750b2e22f304

Сол жақта: Кейбір медиумдар өзін-өзі қинау кезінде осындай әдеттен тыс құралдарды қолданады. Мәселен бетін тілгілеп кіргізіп жатқан тапанша, Таиландқа соққан Батыс ықпалы деп айтуға болады.

Оң жақта: Көмекшісі медиумды кезекті өнер көрсетуіне дайындап жатыр.

preview_02909aefc30078d38cd8f9e43ca84503

Сол жақта: Сәтсіз тесуден кейінгі медиумның кеудесін жуып кеткен қан. Фестиваль кезінде әр бұрыште жедел жәрдем қызметкерлері тұрады. Олар ыстықтан немесе қан кетуден зардап шеккендерді ауруханаға жатқызады. Қан кету көп болатындықтан медициналық қызметкерлер бір сәтке де тыным таппайды деп айтуға болады.

Оң жақта: Медиум храмға келушілерге бата беріп тұр.

preview_18793cd1d58eb22f6f2e40ad213126aa

preview_51751c33744e2476366848c3468bf7be

Сол жақта: Ұртын тестіріп тәуекелге баратын әйелдер де бар, бірақ  сирек кездеседі.

Оң жақта: Храмға келген қыздар мерекені тойлап жатыр.

preview_a9e71360e56612614521da431d4835b7

Сол жақта: Мінәжат етуден кейін қалатын тыртықтың ізі. Мұнда тұратын түбірі қытайлық тай еркектері үшін бұл үлкен мақтаныш. Осындай фестиваль кезінде өз-өзін қинап, әрекет жасау – нағыз еркектік қасиетті білдіреді.

Оң жақта: Суй Бун Тонг храмындағы Будда мүсіні.

preview_aad42180df5746b005a04444732625a5

Сол жақта: Медиумның кеудесін тілгілеген бірнеше сым. Осыған қарап-ақ, фестивалдің қаншалықты қауіпті екенін аңғаруға болады.

Оң жақта: Қатысушылардың бірі мінәжат етуде. Храмға келушілердің аяқ киіммен кіруіне тыйым салынған.

preview_be2b677cba32472cb48db2b293cb06b9

Сол жақта: Кей медиумдар денесін қан жуған күйінде көшелермен думандатып өтеді. Мұндай қан көбінесе сәтсіз тесуден соң болады.

Оң жақта: Қатысушылар таңғы 5-тен бастап жиналады.

preview_bf1eea0b397484b4c8c47450293f2094

Сол жақта: Медиум алып сақинаны ұртына кіргізіп тұр.

Оң жақта: Храмда өтіп жатқан фестиваль қатысушысы.

preview_d46c1f4e45e3f7eb7916e76b0a87e58a

preview_fb2690bb269b0cbe4155667d713dd800

Талқылау