Омикрон штамын жұқтырған балаларда болатын белгілер анықталды
Британдық ғалымдар омикрон штамының балаларда нақты белгілерінің бар екенін байқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Омикрон штамын жұқтырған балаларда әлсіздік, бөртпе және қатты бас ауруы байқалады. Қазір елге кіруге шектеу қойылды және бұл шараларды әзірге әлсіретуді жоспарлап отырған жоқ.
“Мен бұл шаралар адамдардың демалыс кезінде жақындарымен уақыт өткізу жоспарларына әсер ететінін білемін. Бірақ қазір біз болашақта бұдан да қатаң шаралар қабылдамас үшін барлығын жасап жатырмыз. Сондықтан елімізде жаңа жағдайлардың пайда болуына жол бермеу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз”, – дейді Ұлыбританияның денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрі Саджид Джавид.
Британдық дәрігерлер алдағы аптада омикрон дельтаны"алмастырып, елдегі ең қауіпті штамға айналады деп есептейді. Сонымен қатар олар медицина қызметкерлерін міндетті түрде вакциналауды енгізбек. Қазір қызметкерлердің 90 пайызы екпе алды.
Америка Құрама Штаттарында омикрон қазірдің өзінде 16 штатта тіркелген. Жұқтырғандар туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Бір қызығы, вирус иммунизацияның толық курсын аяқтаған адамдарда жиі тіркеледі. Елдің бас инфекционисті мұндай динамиканы көңіл көншітерлік деп атады, бірақ екпелерді ұмытпауға шақырды.
Нью-Йорк мэрі жеке компаниялардың қызметкерлеріне міндетті екпе енгізу туралы шешім қабылдады. Олардың барлығы келесі үш аптада алғашқы дозасын алуы керек. Бұйрық 200 мыңға жуық компанияға әсер етеді.