"Омикрон" коронавирусты қайта жұқтыру қаупін үш есе арттырады – Ғалымдар
Коронавирустың омикрон штамы COVID-19-бен ауырған адамдарға инфекцияның қайта жұғу қауіпін үш есе арттырады. Бұл туралы Оңтүстік Африка Республикасы Эпидемиология және сараптама мен модельдеу орталығы мен Ұлттық инфекциялық аурулар институтының ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар келтірген дерек бойынша омикронға COVID-19-ға қарсы иммунитет кедергі болмауы мүмкін. Инфекциялық аурулар институтының қызметкері Энн фон Готтберг аурудың ауыр формасынан тек вакцина қорғай алатынын айтады
Бұған дейін оңтүстікафрикалық дәрігер Анжелик Кутзее омикрон штамының белгілері коронавирус белгілерінен мүлде бөлек екенін мәлімдеген еді. Ол науқастарда шаршаңдық пен әлсіздік байқалғанымен, дәм мен иіс сезеді деген.
Қазір жаңа штамм әлемнің 20 елінен анықталған. Вирустың бұл нұсқасы ғалымдар омикронды анықтағанға дейін бір апта бұрын тарай бастаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше халықаралық саяхаттарды толығымен тоқтату вирус таралуын тежейді.
Сонымен қатар омикрон коронавирусқа қарсы жасалған вакциналарға қарсы тұра алуы мүмкін. Moderna компаниясының директоры Стефан Бансель жаңа вакцина жасауға бірнеше ай қажет екенін айтқан.