Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде жаңа Конституцияның жобасын бұрмалап желіге тарататындарға қатаң жаза қолданылмақ

Фото: pixabay.com

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жиынға Үкімет өкілдері мен облыс әкімдері қатысты. Премьер-министр министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен әрі түсінікті түрде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. 

“Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды”, – делінген хабарламада.



 Бұл бағыттағы үйлестіру жұмыстары Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

Еске салсақ, бұған дейін, жаңа Конституция жобасы туралы жалған ақпарат таратқан қазақстандық жауапқа тартылғаны туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 14:52