"Өлсем де бала туамын": Майра Мұхамедқызы 20 жыл сәби күткенін жасырмады
ҚР халық әртісі Майра Мұхамедқызы алғаш рет жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/mairaopera/
Опера әншісі журналист Дана Нұржігітке сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.
“Жолдасым – өте парасатты адам. Біздің арамызда 20 жыл бала болмады. Сол кезде мен оған "өліп кетсем де, бала туып беремін. Әйел ретінде саған қарызбын" дедім. Егер бала туа алмасам, басқа әйел алуға рұқсат етемін дедім. Махаббатымды қиямын дедім. Бірақ ол кісі көнбеді. “Ата-ана үшін бала маңызды екенін түсінемін, бірақ біздің арамызда махаббат бар” деді. Баланы беру Алланың қолында екенін айтып, мәңгі менімен қалуға уәде берді. Сен мені тастамасаң, мен сені тастамаймын деді. Мен уәдемде тұрып қызды дүниеге әкелдім”, – деді опера әншсі.
-
"Қолыңызды алуға батылым бармады": Майра Мұхамедқызы Ален Делонмен кездескен сәтті есіне алды
-
"Осымен үшінші рет жолықтық": Майра Мұхамедқызы қытай төрағасының алдында ән шырқады
Сондай-ақ өнер иесі қызына қандай тәрбие беріп жатқанын да айтып өтті.
“Қызымды ешқашан да тәрбиелеп, бағыт-бағдар берген емеспін. Бәрін өз бетінше істеп келе жатыр. Көрген жұрт қызымның ақылды екенін айтып, анасының тәрбиесі деп ойлайды екен. Керісінше, мен қызымнан көп дүниені үйреніп жүрмін. Ол біздің қаншама қиын сәттерден өткенімізді біледі. Кейде мен жұрттың балаларымен салыстырып қаламын. Сондай кезде ренжиді. Математик болғанын қалаймын, бірақ өзі өнерге жақын”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, жақында Майра Мұхамедқызы “Халық әртісі” атағын алған еді.