"Олимпиададағы жеңілістен соң ашумен жарысқа шығып кеттім": Абиба Абужақынова Әбу-Дабидегі жарыс туралы айтты
Париж олимпиадасында бесінші орын алған Абиба Әбужақынова Grand Slam турниріндегі нәтижесі туралы пікір білдіріп, өзіне тағылған сынға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Парижде жүлдеге сынық сүйем қалғанда тоқтаған Абиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде өнеріне көңілі толмайтынын айтты.
“Олимпиадада ұтылып қалған соң соның ашуымен осы жарысқа қатыстым. Бірақ әлі толық бабыма енбегенімді, жарысқа әлі дайын емес екенімді түсіндім. өйткені дұрыс жаттығу жасаған жоқпын, әлі толық бабыма кірген жоқпын. Енді толық дайын болмай, жарысқа шықпаймын деп шештім. Әрине, сын әркез айтылады. Бірақ барынша мән бермеуге тырысамын. Бүгін айтса, ертең ұмытады”, – деді Абиба.
Айта кетейік, бұл сын – Абибаның Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы. Бірақ бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасы Загребте өткен Гран-приге қатысып, 2 алтын, 1 күміс медаль иеленген еді.
Талқылау