Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадада жүлдеге іліне алмаған Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында танымал қазақстандық боксшылар салмақ ауыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: ҰОК

Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсеткен боксшылардың салмақ ауыстыратынын мәлімдеді. 

"Азия чемпионатына ең мықты деген боксшыларды апарамыз. Құрлық додасы қарсаңында біраз боксшының салмақ дәрежесі ауыспақ. 48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар", – деді бапкер. 

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен еді. 

Талқылау