Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері Эудун Грёнвольд найзағай ұрып қаза тапты

Фото: Yahoo Sports

Норвегиялық спортшы, 2010 жылғы Ванкувер Олимпиадасының қола жүлдегері Эудун Грёнвольд қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

47 жастағы экс-спортшыны найзағай ұрып, ол оқиға орнында қаза тапқан. Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға Норвегия аумағында ашық аспанда жүрген кезде болған.

Эудун Грёнвольд спорттық жолын сноубордтан бастап, 2004 жылы фристайлға ауысты. Сол уақыттан бастап ски-кросс бойынша жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге жетті. 2007 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алып, сол жылы Әлем кубогының жалпы есебінде жеңімпаз атанды.

2010 жылы Ванкуверде өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ски-кросс сайысында үшінші орын иеленіп, Норвегия құрамасына медаль әкелді. Осы жарыстан кейін кәсіби мансабын аяқтап, Норвегияның ски-кросс құрамасының бапкері ретінде қызмет атқарды.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 17 Шілде, 2025 13:20
Талқылау