Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бас бапкерін ауыстырмақ — БАҚ

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров жеке бапкерін ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Рrokzsport телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, Михаил өзінің бас бапкері ресейлік маман Алексей Урмановпен жұмысын тоқтатуы ықтимал.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Олимпиада ойындарынан кейін Михаил Шайдоров бапкері ресейлік маман Алексей Урмановты ауыстырады", – деп жазды арна.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров пен Алексей Урманов 2018 жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді.
Алайда бұл ақпаратты әзірге екі тарап та ресми түрде растаған жоқ.
Айта кетейік, Алексей Урманов 1994 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Араға 32 жыл салып, енді оның шәкірті Михаил Шайдоров Олимпиадада топ жарып отыр
"Ауырып қалса, жауапты біз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді
Қазақстандық мұғалімдерді жаңа Конституцияны қолдауға ешкім мәжбүрлеген жоқ – Министрлік
Ал бұл қарсылыққа жергілікті билік пен министрлік жауап берді