Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтың жұбайы екі әйелді ұрды деген күдікке ілінді

Данияр ЕлеусіновФото: Спортшының парақшасынан

Қарағандыда екі әйел өздеріне Данияр Елеусіновтің жұбайы қол көтерді деп шағымданған. Боксшының әйелі мен полиция осы айыптауларға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Арнаның мәліметінше, Қарағанды қаласының екі тұрғыны Данияр Елеусіновтің әйелі тарапынан физикалық қысым көргенін айтуда.

Шағымданушы Әсел Жабықбаева сол кезде Майқұдық ауданындағы анасының үйінде болған. Кешке біреу есікті қағып, айқайлаған.

Әселдің айтуынша, есікті ашқан сәтте келген әйел өзін көршінің немересі ретінде таныстырып, ашуланған.

"Ол мені қорлап негізсіз айыптар тақты. Біз ештеңені түсінбедік. Ол мені екі рет ішімнен ұрып, шашымнан жұлды. Сол кезде әкесі жүгіріп келіп, анама жұдырық ала жүгірді", – деді Жабықбаева.

Анасы мен қызы екеуін есіктен итергенін, ал сол сәтте де Данияр Елеусіновтің әйелі есікті тепкенін айтуда.

60 жастағы Әселдің анасына травматологиялық орталықта саусақ сіңірінің жыртылуы, жеңіл ми шайқалуы және ерін ісінуі диагнозы қойылған. Ал Әселдің жұмсақ тіндері зақымданған көрінеді. Олар полицияға арыз жазған. Кейбір деректерге қарағанда, боксшының өзі де бөлімге барған.

"Ол: “Бұл менің күйеуім, олимпиада чемпионы” деді. Сол сәтте қызметкерлердің қатынасы бірден өзгерді. Олимпиада чемпионының атын пайдаланып, ол мазақ еткісі келді" –  деді әйел.

Зардап шеккендер полиция боксшының әйелінің шағымын да қарастырып жатқанын айтады, өйткені ол да қарсы арыз жазған.

"Оның осындай атақты күйеуі бар деп оны абырой көріп ,чемпионынның әйелі болса бәріне құқылы деген сөз емес. Мен 60 жастамын. Мен өмір бойы қалыпты өмір сүрдім. Балаларды өсірдім. Ал қазір, ашық айтсам, біреу келіп, мені 60 жастағы әйелді, өз үйімде ұрып жатыр", –  деді Жабыкбаеваның анасы.

Журналистер спортшының әйелі Саидоймен сөйлескен. Оның айтуынша, ол 81 жастағы атасын қорғауға тырысқан.

"Олардың отбасы Даниярдың атын пайдаланып, жағдайды ушықтырғысы келетінін түсінемін. Мен оларлың үйіне мүлде кірген жоқпын. “Мен спортшының әйелімін” деген жоқпын. Мен қоғамда белсенді тұлға емеспін. Біз әңгімемізді сыпайы деңгейде бастадық. Бетпе-бет және сөзбе-сөз, ол сіздердің көздеріңізге “жақсы қыз“ болып көрінуі үшін әрекет жасап отыр", –  деп түсіндірді боксердің әйелі.

Полиция бірнеше қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі Бахытжан Кудияровтың айтуынша, келген барлық арыз бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу басталған.

Зақым шеккендердің денсаулығына келген зиян дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаған.

Полиция бұл іс заң талаптарына сәйкес қаралатынын мәлімдеді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 00:28