Олимпиада чемпиондары АҚШ-тың хоккейден әйелдер құрамасы Трамптың шақыртуын қабылдамады

Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында чемпион атанған хоккейден АҚШ-тың әйелдер құрамасы Президент Дональд Трамптың Ақ үйге құрметті қонақ ретінде шақыртуынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nbcnews порталына сілтема жасап хабарлайды.
Дональд Трамп 24 ақпанда халыққа дәстүрлі жолдау жасады. Жолдауда ол хоккейден Олимпиада чемпиондары ерлер командасында арнайы шақырды.
Шақырту барысында Трамп әйелдер құрамасында шақыруға тура келетінін, олай болмаған жағдайда өзіне импичмент жариялануы мүмкін екенін айтып, әзілдеді.
Осы жағдайдан кейін әйелдер құрамасы ресми мәлімдеме жасап, Трамптың шақыртуына шынайы алғыс білдірді.
Алайда олар шақыртудан бас тартатынын хабарлады. Бас тарту себептерін спортшылар уақыт кестесінің тығыздығымен байланыстырды.
"Айтулы матчтардан кейін алдын ала жоспарланған академиялық және кәсіби міндеттемелерге байланысты спортшылар бұл іс-шараға қатыса алмайды", – делінген ресми хабарламада.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, хоккейші қыздар бұл шақыру туралы тек 22 ақпанға қараған түні ғана білген. Сондықтан қысқа уақыт ішінде жоспарларын өзгерту оларға оңайға соқпаған.
Айта кетейік, Италияда өткен Олимпиада ойындарында АҚШ-тың әйелдер құрамасы финалда Канаданы овертаймда 2:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.
Сондай-ақ АҚШ-тың ерлер құрамасы да шешуші ойында Канаданы дәл осындай 2:1 есебімен овертаймда жеңіп, чемпион атанды.
Бұл АҚШ үшін тарихи жетістік деуге негіз бар. Себебі 46 жылдан кейін АҚШ-тың ерлер құрамасы хоккейден қайтадан Олимпиада алтынын жеңіп алып отыр.
Осы жеңістен кейін АҚШ ерлер құрамасы қысқы Олимпиадада үшінші рет чемпион атанды. Бұған дейін америкалық хоккейшілер Олимпиада алтынын 1960 жылы Скво-Вэллиде және 1980 жылы Лейк-Плэсидте жеңіп алған.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты