Олимпиада-2016 жүлдегері баланы қатерлі дерттен емдеу үшін өз медалін сатып жіберді
Поляк спортшысы Петр Малаховский Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру бойынша жеңіп алған күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберген.
Марапат ретінде атлет 126 мың доллар алған. Айта кетейік, Петрден Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алған.
«Мен Олекке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олектің еміне жұмсалатын болады», – деп жазды ол.
Жіберіп алмаңыз:
Атақты «Милан» клубы Қазақстанда өз мектебін ашпақ
Халықаралық Олимпиада Комитеті Геннадий Головкинге спорттағы еңбегі үшін төсбелгі табыстады
Талқылау