Өлі сәби туған анасы 16 күн бойы оны жанында алып жүрді (фото)
21 жастағы Шарлотта Сзакас дүниеге өлі сәби алып келді. Жаны жараланған ана жаңа туған нәрестесін қара жерге беруге қимай, екі апта бойы өлі қызымен бірге өмір сүреді. Оны серуенге алып шығады, суретке түсіреді.
Бұл туралы Mirror жазды.
2016 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің 20 аптасында Шарлотта мен оның күйеуі Атилла болашақ сәбилерінің хромосомаларының дұрыс жетілмегенін, сол себепті ұсқынсыз бала болып туылатынын білген. Бұл жаңалық олардың жүрегін сыздатты.
13 желтоқсанда дүние есігін ашқан Евлиннің миы толық дамып жетілмеген, тыныс алу мүшесі де тым жіңішке болды. дәрігерлер төрт апта бойы оның өміріне араша түсуге тырысқанымен, 10 қаңтар күні ол ата-анасының қолында көз жұмды.
Ерлі-зайыптылар жанды жаралайтын хикаяларымен әлеуметтік желіде бөлісті. Көпшілік олардың қайғыларына ортақ екендерін айтты.
Шарлотта мен Атилла 12 күн бойы Евлиннің жанында емханада болды. бұл аралықта кішкентай қыз мұздатылған арнайы төсекте жатты. Десе де мерт болғанына қарамастан, дәрігерлер қайғыдан қан жұтқан ата-анаға оны серуенге алып шығуға рұқсат берді. Одан кейін ата-анасы Евлинді 4 күнге өз үйлеріне алып кетіп, 26 қаңтарда өтетін жаназасына дейін онымен бірге болды.
«Қызымызды арбасына отырғызып, оны киіндіріп, онымен серуендеу арқылы эмоционалдық тұрғыдан жақсы болып қалдық. Оны үйге алып келерде қатты қобалжыдым. Евлин өзін жақсы сезіне ала ма деп ойладым. Бірақ оны өз үйімізде көру жаныма рахат сыйлады. Ол дүниеге келгеннен кейін дәрігерлер біздің хосписке көшуіміз керек екенін айтты, алайда мен бұған дайын емес едім. Уақыт өткен сайын оның жағдайы нашарлай берді. Біз кішкентай қызымыздың өліп бара жатқанын өз көзімізбен бақылап жүрдік. Оны хосписке апарғым келмеді, десе де ауруханада ұстауға болмайтынын да түсіндім. Ақырында 10 қаңтар күні оны хосписке ауыстырдық. Мұнда ол өзін өте жайлы сезінді», – дейді Шарлотта.
«Ол тыныс алу түтікшесін алып тастаған соң небәрі бірнеше минуттан соң көз жұмды. Евлин өте әлсіз еді. Тыныс алуының өзі қиынға соғатын. Мен оны құшағыма алдым, ал әкесі екеумізді бірге құшақтады», – деп жалғады сөзін ол.
Жүктіліктің алғашқы 20 аптасында баладан ешқандай ауытқушылық байқалмаған. Алайда дәл осы кезеңде дәрігерлер оның хромосомаларының дұрыс орналаспағанын анықтаған. Ол анасына сезілмегенімен, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Нақтырақ айтсақ, екі хромосоманың орны ауысып, ген жетіспейді.
37-аптада Шарлотта кесір тілігі арқылы босанды. Алайда өздігінен тыныс ала алмайтын Евлинді құтқару мүмкін болмады. Себебі әлсіз күйде ол өзіне жасалуға тиісті отаны көтере алмас еді.
Дәрігерлер, Евлин өмір сүріп кеткеннің өзінде оның көру, есту немесе сөйлеу қабілеттерінде, сондай-ақ, психологиялық және физикалық кемістіктер болуы мүмкін екенін айтты.
Ал 16 күнін өлі қызымен бірге өткізген Шарлотта өзге аналармен тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, аналық сезімді сезініп үлгермегендер үшін бұл тиімді тәсіл. Десе де ол қызын жер қойнына тапсыру оңайға соқпағанын жасырмайды.
Жіберіп алмаңыз:
Әйелінің адалдығына күмәнданған ауғанстандық оның қос құлағын кесіп тастады
105 жыл бұрын иесіз қалған кемеде орман пайда болған (фото)
Таңғажайып көрініс: Құмырсқа илеуінің ішкі құрылысы қандай (видео)
Жынысын 300 мың долларға ауыстырған модель махаббатын таппай жүр (фото)