Алматыда қайтыс болған зейнеткерлердің пәтерін жалға алушылар өз атына рәсімдеп алмақ
Фото: shedevrum.ai
Алматыда қайтыс болған екі ағайындының пәтерлері мен көлігіне қатысты құжаттар жоғалып, оларды пәтерде тұрып жатқан жалға алушылар иемденген. Ал мұраға қатысты мәселелерді шешу үшін Украинадан келген туысы соққыға жығылып, полицияға жүгінген. Бірақ тәртіп сақшылары тек (соққыға жығу) дерегі бойынша іс қозғап, ұрлық пен өзінше билік етуге қатысты арыздарды тіркемей қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі centralmedia24.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі адвокат Гүлнара Жуаспаеваның айтуынша, марқұм ағайындылар Олег пен Вячеслав Даниктер жалғызбасты әрі баласыз болған. Олар – кезінде жоғары лауазым атқарған әкесі Иван Даниктің мұрагерлері. Әкесі өмірден озар алдында ұлдары қайтыс болған жағдайда туыстары не істеу керек екенін жазып қалдырған. Бірақ жағдай басқаша өрбіді.
Марқұмдардың пәтерінде Айдос Абдықадыр әйелі және балаларымен тұрып жатыр. Адвокаттың айтуынша, дәл солардың қолында құжаттар қалған, ал ағайындылардың қайда жерленгенін де айтпай отыр. Қалған мұра ішінде Алматыдағы үш пәтер мен автокөлік бар.
Гүлнара Жуаспаеваның сөзінше, ағайындылардың өлімі күмәнді. Себебі 26 күнде екеуі де қайтыс болған. Ресми нұсқа бойынша жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған, бірақ мәйітті туыстары көрмегендіктен, күмән сейілмей отыр.
Адвокаттың айтуынша, пәтерді жалға алушылар көлікті эвакуатормен алып кетуге тырысқан, бірақ сенімхат болмағандықтан жүргізуші бас тартқан. Кейін олар өз бетімен көліктің нөмірін, техпаспортын және кілтін алып кеткен. Полиция бұл әрекеттерді қылмыс деп тіркеуден бас тартып, тек соққыға жығу фактісін қарап жатыр.
Қызыл сөмкеде Даник отбасының негізгі құжаттары сақталған: туу және өлім туралы куәліктер, некеге тұру және некені бұзу куәліктері, өсиеттер, Алматыдағы Розыбакиев көшесі мен Самал ықшам ауданындағы пәтерлерге қатысты сатып алу-сату шарттары мен техникалық паспорттар (БТИ), әскери билет, кәсіподақ билеті, дипломдар, банк шоттары мен карталары, ЖСН, жеке куәліктер мен паспорттар, автокөлікке қатысты құжаттар (нөмір, техпаспорт, сақтандыру, кілттер), сондай-ақ түрлі ұйымдардан берілген куәліктер, адвокаттармен келісімшарттар және ПИК (КСК) құжаттары бар.
Көзбе-көз беттесу кезінде пәтерді жалға алушылардың адвокаты "Пәтерді азаматтық тәртіппен өз атына жазамыз, өйткені марқұммен ауызша келісім болған" деген. Бірақ заң бойынша мұндай келісім мұрагерлік құқықты бермейді.
Жуаспаева бірнеше рет полицияға жүгінгенімен, ұрлық пен өзінше билік ету бойынша қылмыстық іс әлі ашылмаған. Оның айтуынша, үш арыз берілген, бірақ нәтиже жоқ.
"Барлық құжат марқұмдардың пәтерінде тұрған қызыл сөмкеде болған. Ол жерде Айдос Абдықадыр әйелі мен балаларымен бірге тұрады. Ол құжаттардың өздерінде екенін, Бабенко оларды алу үшін екі рет келгенін жоққа шығармайды. Бірақ оны ұрып-соққанын және қуып шыққанын терістейді. Мен тергеу орынбасарына кіріп, құжаттарды қайтаруға ықпал етуді өтіндім. Бұған дейін Алматы қалалық прокуратурасында болдым, олар мені Алмалы аудандық прокуратурасына жіберді. Бірақ қылмыстық іс әлі де ашылмады", – деді адвокат.
Егер ештеңе өзгермесе, құқық қорғаушы Украина елшісіне "ауыр қылмысты өзінше билік ету мен ұрлықты жасыру фактісі бойынша" шағым жазбақ. Оның пікірінше, бұл жағдайда халықаралық жанжалға дейін баруы мүмкін.
Гүлнара Жуаспаеваның айтуынша, ол квартиранттармен сөйлесіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқан. Тіпті жәбірленуші де құжаттарды қайтарса, соққыға жығу туралы арызын қайтарып алуға дайын болған.
"Соққыдан кейін ол бірден травмпунктке барып, дене жарақаттарын тіркетті. Кейін оған полициядан қоңырау шалып, келуді өтінген. Ол жалғыз баруға қорқып, маған жүгінді. Біз келісімшарт жасадық, содан кейін екінші немесе үшінші күні ол ресми түрде полицияға барып, пәтерді жалдаушыларға арыз жазды. Сол жерде оған тек соққыға жығу дерегі қарастырылатынын айтты", – деп қосты құқық қорғаушы.
Оның сөзінше, пәтерде шамамен 40 мың доллар көлемінде ақша болған, ол да жоғалып кеткен. Бірақ полиция мұны азаматтық-құқықтық тәртіпте қарастыру қажет деп жауап берген.
Адвокат жәбірленушімен бірге полицияда болғанда, тергеу орынбасары учаскелік полиция қызметкеріне квартиранттарды алып келуді бұйырған.
"Айдос әйелімен және тағы бір жігітпен кіріп, өз нұсқасын айтты. Сонда тергеу орынбасары мұнда қылмыстық құқықбұзушылық құрамы бар екенін: өзінше билік ету мен ұрлық бар екенін айтты.
“Құжаттарды қайтармасаңдар қылмыстық іс қозғалады” деді", – деп полицейдің сөзін келтірді Гүлнара Жуаспаева.
Полиция тек соққыға жығу бойынша іс қозғаған. Александр Бабенкоға сот-медициналық сараптама тағайындалған қағаз берілген. Екінші күні ол сараптамадан өтіп, дене жарақаттарының барын растайтын қорытынды шыққан.
Алматыда украиналық азамат Олександр Бабенкоға қатысты даулы іс тек Қылмыстық кодекстің 109-1 "Соққы" бабы бойынша ғана тергеліп жатыр. Оның адвокаты Гүлнара Жуаспаеваның айтуынша, марқұм туыстарының пәтерінде сақталған құжаттар мен 40 мың доллар (21 571 200 теңге) жоғалып кеткен. Бірақ полиция қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, бәрін азаматтық дауға жатқызған.
Бабенко құжаттарын қайтаруды талап еткенде, пәтерде тұратын Айдос Абдыкадыр отбасы бұл талапты орындамай, керісінше, өздерін жалға алушы етіп көрсетпек болған. Жәбірленуші соққы алғанын дәрігерлік сараптама растағанымен, қазір тек осы эпизод бойынша тергеу жүріп жатыр.
Адвокат прокуратураға бірнеше рет жүгінген, тергеушіге де сенімсіздік білдіргенімен, нәтиже болмаған. Құжаттарды қайтару жайында уәде берілгенімен, іс жүзінде ештеңе қайтарылмаған. Қазір Бабенко Украинаға оралып, құжаттарын қайта рәсімдеуге мәжбүр болды. Ал пәтерлерде Әбдіқадырдың отбасы тұрып жатыр.
Осы уақытқа дейін полиция ұрлық пен өзінше билік ету бойынша іс қозғамай отыр.
Ақтөбеде үлескерлерді алдаған компания басшылары сотталып, тұрғындар 5 жылдан бері үйсіз жүр
Еске салайық, бұған дейін Алматыда психиатриялық ауруханалармен байланысқан "қара риэлторлардың" 22 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық тобының әрекеті әшкереленді. Олар адамдарды заңсыз түрде психиатриялық мекемелерге жатқызып, сенімхат арқылы жылжымайтын мүліктерін иемденіп, кейін құрбандарды өлтіріп отырған. Сотта 37 эпизод қаралды. Қылмыстық топтың құрамында бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, дәрігерлер, нотариустар, риэлторлар және сарапшылар болған. Ең қатыгез қылмыстардың бірі – психиатриялық науқас Эдуард Рактың өлтіріліп, бөтен адамның атымен жерленуі. Оның екі пәтері сатылып, ақша қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген. Бұған дейін де топ зейнеткер Эмилия Долгованы өлтіріп, мүлкін иемденген.
Сот тыңдалымында айыпталушылар тек алаяқтыққа қатысын мойындап, бірақ ұйымдасқан топ мүшесі екенін жоққа шығарды. Дегенмен бірнеше адам жалған құжат жасағанын, мүлікке қол қою үшін бөтен адамның орнына рұқсат бергенін растады. Қылмыстық кодекске сәйкес, ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық еткендерге 7–12 жыл, қатысқандарға 5–10 жыл, қызмет бабын пайдаланып жасағандарға 8–13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
