"Өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп таста": Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы
Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың абыройына дақ түсіп, бірнеше рет айыпталған болатын. Алайда, бұл актердің өнерге қайта қадам басуына жасалған қастандық болды. Бүгінде талай басты рөлді ойнаған өнер иесі көрермендерден қашық кеткен. Тіпті Жаманқұловқа жанында жүрген әріптестері де қолдау көрсетпеген сыңайлы. 70 алқымдаған өнер иесі мерейтойын қалай өткізгенін айтып ашынды.
"Мен оған өкінбеймін. Өкпе қалды. Өйткені өмірдің бәрі тойлаудан тұрмайды. Ол бір қалыптан екінші қалыпқа көшу ғой. Егер мен жайлы ойланбайтын болса, мен зорлап ойлаттырмайтын жынды мінезім бар. "Сыйласаң сый кісімін, сыйламасаң бір кісімін" деген соғыс көрген Қадыр деген әкемнің мақалы бар еді. "Мен өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп тастаңдар" дейтін. Тірі кезімде сыйла деген сөзі ғой. Сондай мінез менде де бар. Міндет те қылмаймын. Біліп жатса рахмет, білмесе оған да рахмет. Бірақ басқарып отырған жігіттерде пәтік болмады. Олар көлеңкесінен қорықты", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Шартты түрде сотталған Тұңғышбай Жаманқұлов қалай өмір сүріп жатыр? >>>
Мерейтойы тойланбай, ескерусіз қалған, қазақ киносы мен театрына еңбегі сіңген актердің өкпесі де жоқ емес. Алайда 70 жасқа толған кезде бірнеше адамның құттықтағанын жасырмады ол. Өнерге еңбегі сіңен қайраткер жасаған ісім бағаланбады деп өкінді.
"Менің 70 жас мерейтойым тойланған жоқ. Үкімет жағынан назар болмады. Бірақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Дариға Нұрсұлтанқызы, Бердібек Сапарбаев телеграма жіберіп құттықтады. Бірақ, осынша өнерге еңбек етіп жүріп 30-40 таяу киноға түсіп, театрда 70-тен астам басты рөл ойнап, Абылайханды, Жәңгірді, Жәнібекті, Оразмергенді дүниеге әкелген ағамыздың жарқырап жатқан жолы бар екен деп тойлау болған жоқ", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.