Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлетінін сезген азамат желіде жазба қалдырып, артынша ажал құшқан

Америкалық фотограф өзінің өлетінін сезіп, желіде жазба қалдырды. Ол түнгі сағат 3-те достарына үндеу жолдап, өлер алдында өзін жалғыз қалдырмауды өтінген.

Man-called-friends-at-3am-because-he-knew-he-was-going-to-die

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Достарының айтуынша, Конан Соранно мотоциклмен апатқа ұшырағаннан кейін денсаулығымен біраз алысқан. Лос-Анджелесте жұмыс істейтін фотограф табысы аз болғандықтан, ем-домына қаражат жеткізе алмай жүргенін де желіде хабарлапты. Өткен аптада Конан пәтерақысын төлеу үшін көлігін сатуға шығарған-ды.

Өлерінен бірнеше күн бұрын Конан қан құсқанын, алайда қаржылық тапшылықтан ауруханаға бара алмайтынын айтыпты.

«Мен, тіпті өлер кезімде жалғыз қалмас үшін достарыма түнгі сағат 3-те хабарластым», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Конан желіде жариялаған соңғы постынан кейін аз уақыттан соң, 39 жас шамасында көз жұмған.

Атап өтейік, қазіргі уақытта АҚШ-та медициналық көмектің халыққа қолжетімділігі туралы заң қызу талқыланып жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Әлемді тітіркенткен Ким Чен Ынның әйелі үшінші баласын босанды

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімов өмірінің соңғы сәттерінде Құран тыңдаған

Жүздеген қазақстандық “Харви” дауылының астында қалуы мүмкін

Нью-Йорк секс музейі расизмді қоздырды деп айыпталды

Талқылау