Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлемін деп айқайладым, дәрігерді ұрмақ болдым": Мереке Қалбаева екінші сәбиін дүниеге әкелді

Жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы мен Әрсен Акиевтің екінші сәбиі дүниеге келді. Жұлдызды жұп ұлды болды.

Әрсен мен Мерекенің Ару есімді қызы бар. Оның артынан ерген інісіне Абдул-Азим деген ат қойды. Бұл туралы Мерекенің өзі хабарлады. 

“Аллаға шүкір! Бүгін Абдул-Азим Арсенұлын үйге алып келдік! Қуанышымызды бөлісіп жатқан барлық жақын жандарыма үлкен-үлкен рахмет! Өздері келе алмаса да, шоқ гүлдерін беріп жіберген жақсы адамдарыма рахмет! Қуанып қалдым!” – деді Мереке.

Мереке жолдасы Әрсеннің өзі үшін барлығы жасайтынын айтып, мақтауын асырды. 

“Менің күйеуім мен үшін барлығын жасайды, шүкір. Барлық әйел қауымының ерлері солай болса екен деймін. Перзентханада жатып неше түрлі өмірлері бар әйелдерді көрдім, қиын, баланы көтеру қаншалықты қиын, өмірге алып келудің өзі бөлек әңгіме. Ал туған баланың дені сау болмауы – оны мүлдем айта алмаймын. Қаншама қиындықтан өтіп аман-есен үйіңе оралғанда, бала-шаға, ата-ене, күйеу тараптан қолдау болмаса, онда өлгенің ғой. Әйелдердің өмірінің қаншалықты қиын екенін тек әйелдер түсінеді”, – деп жазды әзілкеш. 

Ол екінші баласын қиындықпен өмірге әкелгенін айтады. 

“Кеше толғатып жатқанда өзімнің өте шыдамсыз, нашар әйел екеніме көзім жетті. Мамам үнееемі айтатын: “Мереке, сен ғана емес туып жатқан, айқайлап, перзентхананы басыңа көтеріп, ұятқа қалма! Жек көріп кетеді” деп. Кеше 16 сағат толғатқанда мамамның сөздері “кешірерсіздер” деп заттарын алып кетті ғой кететін жағына!! Мына әпшеге Халида (акушерка) “мен шыдай алмаймын”, “екпе салыңызшы”, “операция жасайықшы” дедім. Бір кезде жаным қысылып “өлемін” дедім ғой. Өзімнің денемді ұрып, қысқаныммен қоймай, осы әпшенің де 1-2 жерін көгертіп қояйын дедім. Сонда да әпше қасымнан кетпей, соңына дейін болып, өзің туасың деп ұрысты. Шынымен өліп қалатын шығармын деп, көзім қарауытып, басым айналып жатқанда дәрігер туамыз деді ғой, содан ары қарай тездетілді. Шүкір, баламды түнгі сағ 2:20 дүниеге алып келдім, шүкір. Барша армандап жүрген қыз-келіншектерге де АНА болу бақыты бұйырсын”, – дейді Мереке Қалбаева.

“Жарайсың, тентек қыз”, “Арсен екінші рет әке болғанына сенбей тұр-ау”, “Аман- есен балалы болғаныңызбен құттықтаймын. Бауы берік болсын. Аллам ұзақ та бақытты ғұмыр өмір берсін”, ”Бауы берік болсын, еліміздің үлгі тұтар азаматтарының қатарында болсын”, – деп жазды желідегілер. 


Талқылау