Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олай істемегені дұрыс": Трамп Иранға бұрын-соңды болмаған күшпен соққы жасайтынын мәлімдеді

Фото: catholicvote.org

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды жауап соққы жасаудан сақтандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Трамп Иранның жауап соққысын жасау туралы мәлімдемесіне жауап берді. Ол мұны Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

“Иран бүгін бұрын-соңды болмаған, күшті соққы жасайтынын мәлімдеді. Олар бұлай істемегені дұрыс. Егер олай жасаса, біз оларға бұрын-соңды болмаған күшпен жауап қайтарамыз! Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет”, – деп жазды АҚШ басшысы.

Скрин: Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.

Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 11:23