Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңнамаға қайшы келмейді": Министрлік грант бөлу кезінде басымдық не себепті су тасқынынан зардап шеккендерге берілгенін түсіндірді

Биыл гранттардың бөлінуі кезінде пайда болған дауға ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді. Олар ешқандай заң бұзбағанын алға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock.com

Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинаған талапкерлер грантсыз қалды, себебі су тасқыны болған өңірлердің түлектеріне квота берілген еді.

Ата-аналар мен талапкерлер ғылым және жоғары білім министрлігі қандай нормативтік-құқықтық актіге сілтеме жасағанын анықтауға тырысты. 



Министрліктің баспасөз қызметі қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Биыл бәріміз көктемгі су тасқынына байланысты қиын жағдайға куә болдық. Қиын жағдай мектеп түлектеріне тікелей әсер етті. Тұрғын үйден айырылу, жарық пен сусыз қалу, сабақтың болмауы, тұрмыстық жағдай – мұның бәрі олардың психологиялық жағдайына әсер етті. Бұл өңірлердің түлектері басқа өңірдегі құрдастарымен тең дәрежеде бітіру емтихандары мен ҰБТ-ға дайындала алмады. Басқалармен тең дәрежеде дайындалуға мүмкіндігі болған жоқ. Осыған байланысты министрлік өз құзыретінің аясында заңнамаға қайшы келмейтін шұғыл шаралар қабылдады, оның ішінде ҰБТ-ны өткізу уақыты, ҰБТ-дағы ең жақсы нәтижені пайдалану, су тасқынынан зардап шеккен түлектерге мемлекеттік тапсырыс көлемін анықтау мүмкін болды – деп мәлімдеді ведомоство.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та биылғы түлектерге қосымша 10 мың грант бөлінгені туралы ақпарат тараған еді. Алайда ғылым және жоғары білім министрлігі бұны жоққа шығарды. 

Талқылау