Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Олар мені танымайды": Баян Мақсатқызы жиендерін бақпайтынын жасырмады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Блогер Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады.

Онда блогер анасына: "Достарымыздың кешіне баратын едік, үш баламды қарай тұрыңызшы. Үш жылда бір ақ рет өтініш айтып тұрмын" деді. Алайда Баян Алагөзова жиендерін қараудан үзілді-кесілді бас тартты. 

“Ата-әжесі қайда?! Бала күтушісі қайда?! Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ. Балаларыңа жауапкершілік ала алмаймын”, – деді продюсер. 


  • "Баян ақылды болып тұр": Айсәуле Бақытбек әкесімен кездескен фотосын көрсетті
  • "Ақша төлеуің керек": Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады


Еске салайық, желі жұлдызын анасын тағы да жүктімін деп алдаған еді. 

“Біз Рю екеуіміз мамаға менің тағы да жүкті екенімді айтып қалжыңдадық. Маманың жаны қысылғаны өте күлкілі болды", – деп жазды Айсәуле әлеуметтік желіде. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025 13:55
Талқылау